Rixos Khadisha Shymkent - қонақ үйі Шымкент қаласының Желтоқсан және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан 5 жұлдызды танымал қонақ үйлердің бірі. Қонақ үй аңызға айналған Жібек жолының бойында орналасқан қаланың сәнін толықтырушы және демалуға өте қолайлы орын. Қонақ үй аумағында бөлмелерден бөлек тамақтану орындары, спа, сауықтыру аймақтары мен барлар, конференц-залдар бар. Сәнді қонақ бөлмелері қонақ үй келушілері үшін толық жайлылықты қамтамасыз етеді. Қонақ үйдегі бөлмелер бағасы орташа есеппен 60 000 теңгеден басталады.
«Қайнар» қонақ үйі - бұл премиум-класстағы және іскерлік іс-шараны ең жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін және үйдегі жайлылық атмосферасында уақыт өткізуге жағдай жасайтын қонақ үй. Қонақ үй тыныш аймақта орналасқан, онда көшедегі шу немесе көлік ағынының дыбысы сізді тынышыңызды бұзбайды. «Қайнар» қонақүйінде 64 әр түрлі санаттағы жақсартылған жайлы бөлме бар. Бөлме бағалары 33 000 теңгеден басталады. Керемет интерьері бар жайлы бөлмелер, тамаша ас үй, спа - «Қайнар» қонақ үйінің 5 жұлдызды санатқа лайық еткен фактрлары.
DoubleTree by Hilton Shymkent - бұл қонақ үй Шымкент қаласының тарихи бөлігінен 3 км қашықтықта орналасқан және жабық бассейні мен фитнес-орталығы бар ірі кешінді қонақ үй. Қонақ үйіндегі барлық талғампаз бөлмелер бейтарап түстермен безендірілген және керек жарақпен жабдықталған. Қонақ үйдің заманауи мейрамханасында Еуропалық және ливандық тағамдар ұсынылады. 4 жұлдызды қонақ үйдегі бөлмелер бағасы орташа есеппен 30 000 теңгеден басталады.
Ramada by Wyndham Shymkent- Шымкент қаласындағы бірінші халықаралық қонақ үй. Қонақ үйде жайлы және әртүрлі бөлме қоры бар. Қонақтардың жайлы тұруы үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, заманауи стильде безендірілген 86 кең бөлмелерді қарастырған. Ramada by Wyndham Shymkent қонақ үйінің Оңтүстік қонақжайлылығы, кең бөлмелері, мінсіз қызметі арқылы келушілердің демалысын ұмытылмас етеді. Қонақ үйдегі бөлмелер бағасы орташа есеппен 32 000 теңгеден басталады. Ramada by Wyndham Дулати көшесінде рналасқан 4 жұлдызды қонақ үй.
Shymkent Grand Hotel — Оңтүстік Қазақстан облысы мен қаламыздың символы болған қонақ үй ретінде танымал. Көрікті интерьер, қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, жайлы бөлмелер, заманауи талаптарға сай конференц-залдар қарастырылған. Ғимарат заманауи нанотехнологиялық материалдармен қапталған, жазда ғимараттың қасбеті салқындатуға мүмкіндік береді, ал қыста ол жылуды сақтайды, осылайша электр энергиясын айтарлықтай үнемдейді. Еліміздің үшінші мегаполисінің көрнекті карточкасы 1973 жылы салынған. Shymkent Grand Hotel қонақ үйде 121 әр түрлі санаттағы жақсартылған жайлы бөлмелер бар. Қонақ үйдегі бөлмелер бағасы орташа есеппен 25 000 теңгеден басталады.
«Aidana Plaza» премиум бизнес қонақ үйі қала қонақтары мен тұрғындарын жайлылықпен қамтамасыз ететін орын. Қонақ үйде ағылшын стиліндегі интерьері бар әртүрлі санаттағы 84 жайлы бөлме бар. 150 адамға арналған заманауи, кең, толық жабдықталған мәжіліс залында қонақ аймағынан таба аласыз. Aidana Plaza Hotel - бұл Шымкенттегі саяхатшылар үшін тамаша таңдау. Бұл қаражат жағынан да тиімді әрі жайлылық пен ыңғайлылықты сезінетін орын, және мұнда демалысыңыз бен сапарыңызды жағымды етуге бар жағдай жасалған. Автокөлікпен келген қонақтар тегін автотұрақты пайдалана алады. Қонақ үйдегі бөлмелер бағасы орташа есеппен 25 000 теңгеден басталады.
Tauke Khan Plaza - Шымкент қаласында орналасқан 4 жұлдызды қонақ үй. Қонақ үйде басқа ығайлылықтардың қатарында тамақ пен сусындарды жеткізу және тәулік бойы қабылдау, сондай-ақ бүкіл аумақта тегін Wi-Fi бар. Меншікте жеке автотұрақ қарастырылған. TaukeKhan Plaza бөлмелерінде кондиционер, жалпақ экранды теледидар және сейфтермен қамтамасыз етілген. Қонақтарға күнделікті таңғы ас, континентальды таңғы ас немесе халал таңғы ас ұсынылады. Шымкент халықаралық әуежайы 12 км қашықтықта орналасқан. Қонақ үйдегі бөлмелер бағасы орташа есеппен 28 000 теңгеден басталады.
Megapolis Hotel Shymkent - қонақ үйінде «люкс» санатындағы 35 нөмір, «жақсартылған люкс» санатындағы 2 нөмір,; «Астана» және «Алматы» 2 конференц-залы, фитнес-орталық, мейрамхана, тәулік бойы тіркеу сөресі бар. Тамақ пен сусындар 24/7 нөміріне жеткізіледі. Қонақ үй Дулати мен Жылқышиев көшелерінің қиылысында орналасқан. Қонақ үйдегі бөлмелер бағасы орташа есеппен 30 000 теңгеден басталады.
City Hotel Shymkent - Шымкент қаласындағы қолжетімді қонақ үй кешені. Ыңғайлылықтардың қатарында мейрамхана, жалпы демалыс бөлмесі және тамақ пен сусындарды жеткізу, сондай-ақ бүкіл аумақта тегін Wi-Fi бар. Қонақ үй Республика даңғылы 4 орналасқан. Қонақ үйдегі бөлмелер бағасы орташа есеппен 25 000 теңгеден басталады.
Pana boutique hotel - Шымкентте баламасы жоқ қонақ үй. Нөмірлердің жабдықталуына Wi Fi кіреді (тегін). Қалауы бойынша отбасылық бөлмелерде және темекі шекпейтіндерге арналған бөлмелерде қарастырылған. Қонақ үй аумағындағы саябақ серуендеу мен көңіл-күйді көтеруге мүмкіндік береді. Тәулік бойы күзет, автокөлік жалдау, медициналық қызмет көрсету, бөлмеге тамақ жеткізу және кір жуу машиналары бар. Қызметтер жеке автобус-шаттл ақысына ұсынылады. Pana boutique hotel қонақ үйінде жалпы 24 бөлме бар. Қонақ үйде «Tary» этно мейрамханасы орналасқан. Қонақ үйдегі бөлмелер бағасы орташа есеппен 35 000 теңгеден басталады.