«Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/123-VIII шешiмiне өзгерістер енгізу туралы»
Шымкент қаласы мәслихаты шешімінің жобасына
САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
| Р/с | Құрылымдық элемент | Қолданыстағы редакция | Ұсынылып отырған редакция | Негізі |
| 1. |
шешімнің 1-қосымшасы 13 –тармақтың 6) тармақшасы 7) тармақшаның екінші абзацы 8) тармақшаның бесінші абзацы |
Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары 6) 1,5 АЕК мөлшерінде баспасөз басылымдарына жазылу түріндегі әлеуметтік көмек жартыжылдықта бір рет: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне; еңбек ардагерлеріне беріледі. Әлеуметтік көмек өтініш берушіге өтініш берген айдан кейінгі айдан бастап ай сайын көрсетіледі. Әлеуметтік көмек өтініш берушіге өтініш берген айдан кейінгі айдан бастап ай сайын көрсетіледі. |
Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары 13 – тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталды; Әлеуметтік көмек өтініш берушіге өтініш берген айдан бастап ай сайын көрсетіледі. Әлеуметтік көмек өтініш берушіге өтініш берген айдан бастап ай сайын көрсетіледі. |
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-2-тармағына, ҚР-ның Премьер-министрі О. Бектеновтің 20.01.2026 жылғы № 16-14/Б-65 тапсырма хатына сәйкес сәйкестендірілді. |