Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

«Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/123-VIII шешiмiне

өзгерістер енгізу туралы»

Шымкент қаласы мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба

 


р/с№
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі     Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты  

1 Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы
2 Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының                                     2-3-тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысына сәйкес әзiрлендi
3 Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
4 Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Жоқ
5 Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі 1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 202-17 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында»:7. 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:«7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін әкімдік белгілейді және осы Қағидалармен бекітіледі.Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.»12-тармақта:1), 5) және 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:«1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:Заңның 5-бабында көрсетілген басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне– 50 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);»;«5) 9 мамыр - Жеңіс күні:Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1272 АЕК мөлшерінде;Заңның 7-бабы 3), 4) тармақшаларында көрсетілген еңбек ардагерлеріне – 15 АЕК мөлшерінде;осы тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Заңның 8-бабында көрсетілген адамдарға– 15 АЕК мөлшерінде;»;«9) 1 қазан – Қарттар күні:70 жасқа толған және одан асқан адамдарға – 3 АЕК мөлшерінде;».
6 Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған нормативтік-құқықтық актілер және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер  Жоқ
7 Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы Жоқ
8 Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат  (ол бар болса) Жоқ
9 Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі Ия
10 Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері Жоқ
11 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі Жоқ
12 Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) Шымкент қаласы мәслихаты шешімінің жобасы ашық НҚА порталына жүктелді.https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15433362
13 Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады Жоқ
14 Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат Жоқ
15 Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне шығындарының азайғанын немесе ұлғайуы туралы ақпарат Жоқ

 

 

Шымкент қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік қорғау

басқармасының басшысы                                                               Ж. Утебаева

 

 

 

 

                                                                                              «____» __________ 2025 ж.

 

 

Орындаған: Г. Касымова

Телефон:8(7252) 27-71-41

g.kasymova@shymkent.gov.kz

 

 

каз
Дата публикации
02 апреля 2026