Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

 

 

«Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

     

 

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 202-17 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында»:

 1) 13-тармақтың  6) тармақшаcы алынып тасталсын;

 2) 13-тармақта:

 7) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік көмек өтініш берушіге өтініш берген айдан бастап ай сайын көрсетіледі.»;

 8) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік көмек өтініш берушіге өтініш берген айдан бастап ай сайын көрсетіледі.».

  1. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1)   осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы   Б. Нарымбетов

 

каз
Дата публикации
02 апреля 2026