Шымкент қаласы әкімдігінің
регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 30-баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 123 бұйрығымен бекітілген облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің үлгілік регламентіне сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Шымкент қаласы әкімдігінің регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
«Шымкент қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 1222 қаулысының күші жойылсын.
Осы қаулының орындалуы қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Б.Қозыбаховқа жүктелсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Г. Мауленкуловқа жүктелсін.
Шымкент қаласы әкімінің
міндетін уақытша атқарушы Қ. Асылов