Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Жер учаскелерін мемлекет

мұқтажы үшін мәжбүрлеп

иеліктен шығарудың

басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және 2026 жылғы 24 ақпандағы № 01-04-16/245-Қ/Х, 2026 жылғы 26 ақпандағы № 01-06-16/256-Қ/Х және
2026 жылғы 23 қаңтардағы № 01-04-16/103-Қ/Х қызметтік хаттары, қала құрылыстық қорытындылары, жерге орналастыру жобалары және Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, «Қонаев көшесінің (көлік айрықтарымен бірге Дамбовая көшесінен А-2 автокөлік жолға дейін) жалғасын салу. Бадам өзені арқылы өтетін көпірден 4+70,0 шақырымға дейін шекара 1-учаскесі» нысаны үшін осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
  2. Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан көшесі, № 20 В мекенжайда саябақ құрылысы үшін осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
  3. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ынтымақ-2 шағын ауданы,
    Әл-Фараби көшесінің жүріс бөлігіне түсуіне байланысты осы қаулының
    3-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
  4. Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы заңнама талаптарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелерінің орнына басқа жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастырып және осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  5. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш айдан ерте болмай бір жыл алты ай деп белгіленсін.
  6. Жер учаскелердің иелері немесе мемлекеттік емес және мемлекеттік жер пайдаланушылармен келісім рәсімдерін жүзеге асыруға жүгінетін орын ретінде Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын алабы,
    №119 ғимаратта орналасқан Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы белгіленсін.
  7. Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы
    А. Исламов жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының және жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын өтелуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
  8. Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  9. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы А. Исламовқа жүктелсін.
  10. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

                                        

 

        Шымкент қаласының әкімі                                               Ғ. Сыздықбеков

 

каз
Дата публикации
18 марта 2026