Жер учаскелерін мемлекет
мұқтажы үшін мәжбүрлеп
иеліктен шығарудың
басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 01-06-16/1564-Қ/Х және Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 28-05-05/1402 қызметтік хаттары, қала құрылыстық қорытындылары, жерге орналастыру жобалары және Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында орналасқан «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Түркістан көшесі, 41 А мекенжайда саябақ үшін осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
- «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнама талаптарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелерінің орнына басқа жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастырып және осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш айдан ерте болмай бір жыл алты ай деп белгіленсін.
- Жер учаскелердің иелері немесе мемлекеттік емес және мемлекеттік жер пайдаланушылармен келісім рәсімдерін жүзеге асыруға жүгінетін орын ретінде Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын алабы,
№119 ғимаратта орналасқан «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
- «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Исламов жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының және жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын өтелуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
- «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Исламовқа жүктелсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков