ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
12 қыркүйек 2025 жыл № 44
«Жас сайлаушылар клубын»
құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 11-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының регламентіне сәйкес, сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және электоралдық мәдениетін көтеру мақсатында Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Жастармен өзара іс-қимыл жүргізу үшін диалогтық алаңдар мен өзге де форматтарды, оның ішінде «Жас сайлаушылар клубы» форматында құру мәлесесі мақұлдансын.
- Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубы» Ережесі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілуі мақұлдансын.
- Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы өкілдерінің келісімімен Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылыған «Жас сайлаушылар клубы» құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н.Байғұтқа жүктелсін.
Төраға Қ. Құнанбаев
Хатшы Ұ. Исабаева