Шымкент қаласының тұрғын үй саласы бойынша ақпарат

Шымкент қаласының тұрғын үй саласы бойынша 

АҚПАРАТ

 

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде  83 599 азамат тіркелген.

 

Жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету

Ағымдағы жылы, 2024 жылдан өтпелі болған 928 жалдамалы пәтер (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 200, көпбалалы отбасылар – 353, халықтың осал топтары – 375) пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек, 379 азаматты жалдамалы пәтермен қамту жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2025 жылдың 24-мамырынан бастап жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың ағымдағы базасы «Отбасы Банкі» АҚ-ға өткізілген. Ол орталықтандырылған түрде тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді жүзеге асырады.

 

Тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің   30.04.2025 жылғы №152 бұйрығына сәйкес, тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау қарастырылған.

Анықтама: тұрғын үй алу кезегінде тіркелген жетім балалар, көпбалалы отбасылар,  1-2 топ мүгедектігі бар азаматтар және мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар санаты бойынша тіркелген азаматтарды қолдау шаралары ретінде қарастырылған жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау болып табылады.

Бүгінгі таңда 3 146 субсидия алушының 2 269-ы тексеріліп, оның 1 242 азаматпен субсидияны мақсатсыз пайдаланғаны анықталып жалдау шарты тоқтатылды.

2025 жылы субсидиялау тетігіне жергілікті бюджеттен 664,0 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда 540,0 млн.теңге төлем жүргізілді.                      

Қағидаға сәйкес ағымдағы жылдың маусым айынан бастап субсидия алушылардың аталған жеңілдікті мақсатты пайдалануларына мониторинг жұмыстары жалғасуда.

 

Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз тұрғын үй

Жастар бағдарламасы арқылы осы күнге дейін жалпы – 3 849 азамат жалдамалы пәтермен қамтылған. (2020 жылы – 904 пәтер, 2021 жылы – 300 пәтер,  2022 жылы – 857 пәтер, 2023 жылы – 888 пәтер, 2024 жылы – 900 пәтер)

Бүгінгі таңда алғашқы 890 пәтермен қамтылған азаматтарды пәтерлерінен шығару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 576 отбасының пәтерлері коммуналдық меншікке қайтарылды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігімен «Отбасы банк» АҚ арасында «Қамқор» өңірлік бағдарламасы аясында 20,2 млрд.тг қаржы бөлініп, бүгінгі таңға 9,5 млрд.тг игерілді. Бүгінгі таңда 484 азамат несиемен қамтылды.

 

Несиелік тұрғын үй

Шымкент қаласы, Абай ауданы, Бозарық шағын ауданында орналасқан     444 пәтерлік 12 несиелік тұрғын үйлерге «Отбасы банк» АҚ-ы (бұдан әрі -банк) арқылы 28.10.-10.11.2025 жыл аралығында конкурс жарияланып, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тіркелген азаматтардан өтінім қабылданған.  Қазіргі таңда, банк арқылы азаматтардың төлем қабілеттілігін растау жұмыстары жүргізілуде.

         «Қамқор» бағдарламасы бойынша 2023 жылы жергілікті бюджеттен 3,0 млрд.теңге бөлініп, «Отбасы банк» АҚ тарапынан 150 өтінім беруші өз пәтеріне қол жеткізген.

         Осы орайда, бағдарламаны әрі қарай жалғастыру мақсатында 2024 жылға 400 өтінім берушіні тұрғынжаймен қамту үшін қала бюджетінен 5 млрд.теңге, ал «Отбасы Банк» АҚ-ы тарапынан 3 млрд.теңге, яғни жалпы 8 млрд.теңге қаржы бөлінген.

         «Отбасы банк» АҚ тарапынан  2024 жылдың 30 қыркүйек және 28 қараша айының аралығында «Қамқор» бағдарламасына жарияланған конкурсқа сәйкес, қатысушыларды іріктеу қорытындысы бойынша 1 736 өтінім қабылданды, оның ішінде 400 қатысушы негізгі тізімге өткен.

         Қазіргі таңда, «Қамқор» өңірлік бағдарламасы арқылы 404 азамат (қаржысы – 7,9 млрд.теңге) төлем қабілеттілігін растаған, оның ішінде 401 азамат тұрғын үймен қамтылған (қаржысы – 7,8 млрд.теңге), қалған 4 өтініш берушілер банк арқылы төлем қабілеттіліктерін растауда.

 

Тұрғын үй сертификаты

Мемлекеттік бағдарламалар аясында несиелік негізде «2-10-20»,  «5-10-20» бағыттары бойынша тұрғын үй алуды көздеген, төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға мемлекет тарапынан бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін ұсынылатын әлеуметтік көмек ретінде 2025 жылға қайтарымсыз негізде 500 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланған.

Тұрғын үй сертификаты 1 млн.теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.

Ағымдағы жыл барысында тұрғын үй сертификаттары бойынша 239 өтінім түсіп, оның 120 өтінімі мақұлданып, 114,1 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді, 119 өтінімге бас тартылды.

Ал, игерілмей қалған 273 828 209 теңге жергілікті бюджетке кері қайтарылды.

 

Жекешелендіру бойынша

2025 жыл барысында 974 азаматтан мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған тұрғын үйлерін жекешелендіруге электронды түрде өтінім түсіп, 911 азаматқа қызмет көрсетілді.

Оның ішінде: 412 азамат тұрғынжайын қалдық құнын төлеу негізінде жекешелендіріп, бюджетке 893,9 млн.теңге қаржы түскен, 428 азаматтың пәтері меншіктеріне құны өтеусіз беріліп, 71 азаматқа пәтерін жекешелендіруден бас тартылды. 63 азаматтың өтінімі қаралуда.

 

 

Тұрғын үй қорын сақтау және дамыту бойынша

Қала аумағында аудандық әкімдіктер бекітіп, ұсынған  тізім бойынша орталық және басты көшелерде 528 тұрғын үй орналасқан. ( Әл-Фараби ауданы – 282, Тұран ауданы – 107, Қаратау ауданы – 97, Еңбекші ауданы – 42).

Құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін жұмыстардың құрамы мен көлемін, қасбетті, шатырды жөндеу (ағымдағы немесе күрделі) типін айқындау үшін 2025 жылы 59 көппәтерлі тұрғын үйдің техникалық жай-күйі тексерілді.

Техникалық тексеру қорытындысы сәйкес:

1 тұрғын үй – апат алдындағы жағдайда;

20 тұрғын үй – ағымдағы жөндеуге;

38 тұрғын үй – күрделі жөндеуге жататындығы туралы ұсыныс берілді.

Ағымдағы жөндеуге жататын 20 үйге сметалық құжаттама әзірленіп, қасбетін және шатырларын 2025 жылы ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған болатын.

Алайда бюджеттік комиссия отырысында қаралып, қолдау таппады, осыған орай келесі жылға қарастыру ұсынылды.

Айта кету қажет, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Шымкент қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қағидадағы негізгі өзгерістер бойынша сәулет, қала құрылысы басқармасы қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлердің Бірыңғай сәулет стилінің тұжырымдамасын әзірлеп, бекітетін болады.

Жоғарыда аталған өзгерістерге сәйкес, бірыңғай сәулет стилінің тұжырымдамасы бекітілгеннен кейін, меншік иелерінің келісілген жиналыс шешімі негізінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім ұсынылатынын хабарлаймыз.

каз
Дата публикации
20 января 2026