Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

   ЖОБА

 

 

Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

 

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидалары бекітілсін.
  2. «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жариялағанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы   Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Көлік министрлігі

каз
Дата публикации
20 января 2026