Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 4917 қаулысының 1-қосымшасындағы 46 жолы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
| № | Кадастрлық нөмірі | Аты жөні | Мекен-жайлар | Жалпы алаңы, (га) | Алынатын алаңы,(га) |
| 46 | 22-336-044-143 | Бекбауова Жанар Кундебаевна | Шымкент қаласы, Абай ауданы, 197 орам, 119 жер учаскесі | 0,0800 | 0,0190 |
2) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 5071 қаулысының 3-қосымшасындағы 4 жолы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
| № | Кадастрлық нөмірі | Аты жөні | Мекен-жайлар | Жалпы алаңы, (га) | Алынатын алаңы,(га) |
| 4 | 22-330-001-342 | Рысжанов Касымбек Досович | Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Жаңақұрылыс көшесі, №30 А | 0,0358 | 0,0358 |
3) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 288 қаулысының 1-қосымшасындағы 112 жолы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
| № | Кадастрлық нөмірі | Аты жөні | Мекен-жайлар | Жалпы алаңы, (га) | Алынатын алаңы,(га) |
| 112 | 22-327-030-526 | Жанжигитова Улбала | Шымкент қаласы, Абай ауданы,Асар шағын ауданы, Торғауыт көшесі, №35 үй | 0,0400 | 0,0208 |
4) «Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 04 маусымдағы № 3007 қаулысының 11-тармағының күші жойылды деп танылсын;
5) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 28 қарашадағы № 6186 қаулысының қосымшасындағы 2 жолының күші жойылды деп танылсын;
6) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 309 қаулысының 2-қосымшасындағы 85 жолының күші жойылды деп танылсын.
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков