Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2026 жылғы І жартыжылдыққа арналған мерзімді тексеру жүргізудің жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-6-бабы 2-тармағына сәйкес:
- Осы өкімге қосымшаға сәйкес Шымкент қаласында
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша
2026 жылғы І жартыжылдыққа арналған мерзімді тексеру жүргізудің жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
- «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Жоспарды Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы өкімнің орындалуы «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Орынтаевқа жүктелсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С. Құранбекке жүктелсін.
Ғ. Сыздықбеков