Үлгілік базалық бағыттың
атқарылған жұмысы
туралы
2022 жылдан бері Шымкент қаласының әкімдігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағытты (бұдан әрі - ҮББ) жүзеге асырып келеді.
Шымкент қаласы әкімінің 2025 жылғы 25 сәуірде №16-ө өкіміне сәйкес, ҮББ жобалар тобының құрамы мен ҮББ жүзеге асырылуы туралы іс-шаралар жоспары (жобалар картасы) және ҮББ-тың ішкі талдау кестесі бекітілді.
ҮББ жоблар тобының құрамы 3 бағыттан тұрады:
Бүгінгі таңда осы үш бағыт бойынша жауаптылар бекітіліп, жобалар картасына сәйкес қосалқы тапсырмаларды ішкі талдау кестесіне сәйкес орындауда.
Анықтама үшін:
1-ші бағыт бойынша жауаптылар: Қала әкімі аппаратының құқық қорғау жүйесі бөлімі (жинақтау), Басқарма басшылары, Аудан әкімдері, Квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары.
2-ші бағыт бойынша жауаптылар: Қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (жинақтау), Аудан әкімдері мен басқарма басшылары, Мекеме және оған бағынысты квазимемлекеттік сектор ұйымдары)
3-ші бағыт бойынша жауаптылар: Қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (жинақтау), Әдеп жөніндегі уәкіл.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жоблар тобы аясында 83 мекемеде (5 аудан әкімі аппарты, 22 құрылымдық басқарма және 56 квазимемлекеттік ұйымдар) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, 352 тәуекелдер (2024 ж. – 216 тәуекел, 63% артқан) анықталып, тәуекелдерге ықпал ететін себеп жағдайларды алдын алу және жою бойынша әр мекемеде іс-жоспарлар бекітілді.
Ішкі талдау бойынша аудан әкімі аппаратты, басқармалар және квазимемлекеттік сектор ұйымдардың атқарылған жұмыстары «Битрикс» ақпараттық жүйесіне енгізілді. (https://np.gov.kz/workgroups/group/14292/tasks/?SORTF=TITLE&SORTD=ASC ).