«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-15 тармағының 2) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын Шымкент қаласы мәслихатының бекітуіне ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы О. Тәжібаевқа жүктелсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е. Сейтеновке жүктелсін.
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков