Қабылданған заңнамалық актілердің нормаларын іске асыру үшін қабылдануы көзделген Шымкент қаласы ведомстволық актілері бойынша АҚПАРАТ

2025 жыл

Қабылданған заңнамалық актілердің нормаларын іске асыру үшін ҚР Премьер-Министрінің 13.08.2025 жылғы № 133-р Өкімімен Шымкент қаласының әкімдігіне 17 актіні қабылдау тапсырылды , атап айтқанда:

– қабылдау сатысында – 3:

  • Мәслихаттың кезекті сессиясында қабылданады деп күтілуде – Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы;
  • Мәслихаттың кезекті сессиясында қабылданады деп күтілуде – Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекіту туралы;
  • Әкімдіктің дербес құрамының қолдары жинақталуда – Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау, сондай-ақ қажет болған жағдайда үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау туралы;

 

– әзірлену сатысында – 14:

  • Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы;
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы;
  • Ақылы тұрақтарды (орынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы;
  • Қалалық қоғамдық көлікте қолданылатын тарифтік саясатты бекіту туралы;
  • Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және олардың агломерацияларының аумағында жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы;
  • Халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төмен нормативтерін бекіту туралы;
  • Жеке және заңды тұлғалардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сауда, ойын-сауық, қонақүй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы;
  • Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын, олардың орнатылу, жұмыс істеу және бөлшектелу тәртібін бекіту туралы;
  • Қазақстан Республикасын газдандырудың өңірлік схемасын бекіту туралы;
  • «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/521-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  • Тұрғын үй секторында қорғаныш конструкциялары мен реттеуші элементтерді (шлагбаумдар және басқа да қоршаулар) орнату қағидаларын бекіту туралы;
  • Қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы;
  • Дизайн-кодты бекіту туралы;
  • Дизайн-кодты әкімшілендіру қағидаларын бекіту туралы.
каз
Дата публикации
14 ноября 2025