Статистикалық деректер

Электр қуаты: Энергетика басқармасы қаланың жаңақұрылыс аумақтарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында, 3 мекен-жайда құрылыс жұмыстар жүргізуде.

Сайрам т.а. электрмен камтамасыз ету нысаны бойынша жобаға сәйкес 8 бөлімге бөлінген. Оның ішінде 4 бөлімнің электр жүйесі толық жүргізіліп, қосылуға дайын. Осы апта 110 бағаналары, 140 эл счетчик қойылды. Құрылыс жұмыстары 55% аяқталды. Нысан 2026 жылға  өтпелі.

Құрсай ш.а. электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша мердігер мекеме  Электромонтаж АҚ-мен 4 дана трансформаторлық станциялардың сыртын абаттандыру және қоршау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 180 үйге  эл.счетчик қораптарын монтаждау мен наладка жасау жұмыстары жүргізілуде. Нысан 95 %-ға аяқтап, ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Қайнарбұлақ жаңақұрылыс нысаны бойынша жобаға сәйкес 10/0,4кВ электр бағаналары толық орнатылды. Осы апта 100 электр бағаналары, 1,2 км СИП кабель тартылды. Құрылыс жұмыстары 30 %-ға аяқталған. Нысан 2026 жылға өтпелі.

Сауда логисттық орталық ИА бойынша осы аптада У35+5 5 бағана орнатылып, 5 котлован қазылды. Құрылыс жұмыстары 30 %-ға аяқталған. Нысан 2026 жылға өтпелі.

Қала аумағындағы қараусыз қалған (без.хозные сети) 24 трансформатор және 180 км 0,4кВ электр желілерін теңгерімге алып, жаңғырту және қайта құру үшін бастапқы құжаттар (Мем.акт, қаулы, қала құрылыстық қорытында) жинақталуда.

 

Жарықтандыру: Атқарылған жұмыстар бойынша, аптаның алдынғы күндері «ABM building-2007» ЖШС-мен қала аумағында 270 күйген жарықшам ауыстырлды, 16 қысқа тұйықталу (КЗ) ретке келтірілді. Тәуелсіздік саябағында 200 ден аса торшерлер боялды, 320 ға жуық шамдар ауыстырылды.

Сонымен қатар, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы теңгеріміндегі 1238 көшенің жарықтандыруы бойынша қабылдау-өткізу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда, «ABM Building 2007» ЖШС-і тарапынан Бақбаев көшесінің екінші жағына жарықтандыру бойынша жобалау сметалық құжаттама (ЖСҚ)  әзірлеуге қажетті бастапқы құжаттары (АПЗ, жобалау тапсырмасы, техникалық шарттар т.с.с) жинақталуда.

 

Ауыз су: Бөлімге қатысты, құрылыс нысандары бойынша 1 апталық қорытындысы бойынша келесідей жұмыстар атқарылды:

           Сайрам және Қайнарбұлақ тұрғын алабы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету (1,2 кезек және 3 кезек) нысандары Техникалық түгендеу бюросына тіркеліп, нысан  ШЖҚ «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК балансына толығымен өтту жұмыстары жүргізілді.

         Текесу тұрғын алабында демеушілік есебінен 14 км су құбыры «Шымкент қаласы Су құбыры және канализация басқармасы»МКК-сі тарапынан құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп, кәзіргі таңда құбырларды жуып  шаю жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша 5 тамыз күнге ашылуға дайындық жұмыстары жүруде.

         Құрсай шағын ауданында ауыз сумен қамтамасыз ету 1 кезек нысаны бойынша толығымен мердігер тарапынан ескертулер жойылып, 1 кезекті қабылдау жұмыстары бойынша жүруде. Ендігі кезекте мердігер мекеме «Риголит» ЖШС-сы тарапынан                 2 кезектегі водозоборды және насосты жөндеу жұмыстары басталуда.

         Қызылжар-2 шағын ауданында инженерлік жүйе ( су,свет,газ) нысаны бойынша өндірістік кесте бойынша жұмыстар атқарылуда 85% пайызға аяқталып. Кәзіргі таңда Жана тілек көшесінде су құбырын жүргізу жұмыстары жүруде. Жоспар бойынша алдағы 2 ай уақытта құрылыс жұмыстарымен аббатандыру жұмыстарын толығымен аяқталу жоспарлануда. 

         Кәріз: Шымкент қаласы Тұран ш/а нан тазарту ғимаратына дейін Алматы тас жолы бойымен кәріз коллекторын салу нысаны бойынша құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда, құбырларды жуу, шаю жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың 2 тамызына дейін аяқтау жоспарлануда.

Тұран ш.а. бойынша кәріз жүйесі ішкі орам құбыр жүйелерінің жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «ТАИР» ЖШС тарапынан                    7 көшенің асфальтқа толы құдықшаларын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Нысан 80% ға орындалды. Ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

         Айқап ш.а. Кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары 50% ға орындалды. Қазіргі таңда, Керуен, Темірқазық, Шолпан, Ақтас көшелерінде кәріз құбыры салынып асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Нысан ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

         «Шымкент қаласы Солтүстік-Батыс ш/а кәріз жүйесінің құрылысы (абоненттерді қосу 7 көше)»  нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстар мердігер мекеме «Шебер-2» ЖШС-і тарапынан аяқталып, бөлімінің мамандары және  Шымкент қаласы «Су құбыры және канализация басқармасы»МКК-сі тарапынан нысанда толық тексеріс жүргізіліп. Ендігі кезекте кабылдау актісіне қол койылып нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. 

         Күнделікті сала мамандарының қатысуымен қала тұрғындарының арыздарын уақытылы жауап берілуде.

 

Табиғи газ:

 

  1. Жұлдыз және Жалын шағын аудандарында табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету.

Абонент саны – 380.

Құны: 1 875 066 млн.теңге.

Мердігер: «Алматы Production Construction Invest» ЖШС-і (№93, 11.06.2024)

Авторлық қадағалау: «Бірлестік» ЖШС-і (№100, 04.07.2024)

Техникалық қадағалау: «Universal Construction Expert» ЖШС (№99, 28.06.2024).

Қазіргі таңда, 100% жұмыстар аяқталып,өткізу-қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

 

  1. Қайтпас-1 және Тұран шағын аудандарында табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету

Абонент саны – 227;

Құрылыс құны – 807 499 млн. теңге,

Мердігер: «IT-invest company» ЖШС (№80, 05.04.2024)

Авторлық қадағалау: «Nika-2020» ЖШС (№82, 27.05.2024)

Техникалық қадағалау: «ACKOC+» ЖШС (№81 17.05.2024).

Қазіргі таңда 100% жұмыстар аяқталып,өткізу-қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

 

  1. Қарабастау тұрғын алабында газ құбыры желілерінің құрылысы.

Абонент саны – 1388

Құрылыс құны – 1 298,522 млн. теңге,

Мердігер – «Отау-Строй» ЖШС (№93, 12.06.2024)

Авторлық қадағалау – «Бірлестік» ЖШС (№102, 04.07.2024)

Техникалық қадағалау – «Нұр&М Құрылыс» ЖШС (№101, 02.07.2024).

Қазіргі таңда 100% жұмыстар аяқталып,өткізу-қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

 

  1. Жаңаталап елді мекеніне жеткізуші газ құбырының құрылысы

Газ құбырының ұзындығы ПЭ (орта қысым) – 5015 м.

Газ құбырының ұзындығы СТ. (орта қысым) – 102 м

Мердігер мекеме – «BAQ Building» ЖШС

Авторлық қадағалау – «ШАБЫТ-21» ЖШС

Техникалық қадағалау – «ServicePro Construction» ЖШС.

Бүгінгі таңда, аталған жұмыстардың 40%-ы орындалып, 2025 жылғы қазан айына дейін аяқтау жоспарлануда.

 

  1. Алтынтөбе елді мекенінде табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2-кезеңнің құрылысы.

Абонент саны – 204.

Мердігер мекеме – «Dim Nur company» ЖШС

Авторлық қадағалау – «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС

Техникалық қадағалау – «САЙРАМ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС

Бүгінгі таңда, аталған жұмыстардың 40%-ы орындалып, 2025 жылғы қазан айына дейін аяқтау жоспарлануда.

 

  1. Тассай елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету

Абонент саны – 3320

Мердігер мекеме – «Ремстрой» ЖШС

Авторлық қадағалау – «Әсем Жоба Құрылыс» ЖШС

Техникалық қадағалау – «Құрылыс Технадзор сервис» ЖШС

Бүгінгі таңда, аталған жұмыстардың 90%-ы орындалып, 2025 жылғы қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда.

 

Жылу:  Шымкент қаласы аумағында 2025-2026 жылдардың жылыту маусымына қаланың көпқабатты тұрғын үйлерінің 1 тамыздағы жағдай бойынша дайындығы келесідей:

Абай ауданы үйлер саны 127 үй (77 дайын) – 61%;

Әл-Фараби ауданы үйлер саны 861 (336 дайын) – 39%;

Еңбекші ауданы үйлер саны 175 (108 дайын) – 62%;

Қаратау ауданы үйлер саны 488 (229 дайын) – 47%;

Тұран ауданы үйлер саны 503 (232 дайын) – 46%;

Жалпы қаланың көпқабатты тұрғын үйлері саны -2154, (982 дайын) – 46%.

Қаланың бюджеттік нысандарының саны 466, оның ішінде:

- Білім беру – 269 (118 дайын) – 45%;

- Денсаулық сақтау – 100 (23 дайын) – 23%;

- Дене шынықтыру – 29 (4 дайын) – 14%;

- Мәдениет нысандары – 51 (11 дайын) – 21%;

- Жұмыспен қамту 17 (2 дайын) -11%;

Ағымдағы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша қаланың 466 бюджеттік нысанының (158 дайын) – 34% құрайды, жұмыстар жалғасуда.

Өткен 2024-2025 жылдардың жылыту маусымынан соң қаланың жылу жүйелерінде гидравликалық қысыммен тексеру жұмыстары  жүргізілді. Қортындысы негізінде жылу жүйелерінде 98 ақау анықталды (оның ішінде:17 магистралдық,81 ішкі орамдық), ағымдағы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша 76 ақау оқшаулан (оның ішінде:13 магистралдық, 63 ішкі орамдық), қалған 22 ақау 1 қазанға дейін аяқталады деп жоспарлануда.

«Қуатжылуорталық-3» МКК-на қарасты қазандықтар мен сорғы станциялар:

Қазандық – 27 (18 дайын) – 66%;

Мектеп қазандығы – 40 (23 дайын) – 57%;

Сорғы станциясы – 17 (10 дайын) – 59%.

Қаланың негізгі жылу көзі «3-Энергоорталық» АҚ (ЖЭО-3) қысқы маусымға дайындық жұмыстарына 743,55 млн.теңге қатастырылған, игерілгені 560,97 млн.тенге (75,4%), жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 ноября 2025