Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму
басқармасы басшысы Б.Азимбердиевтің
«2025 жылдың қаңтар-маусым айларының атқарылған жұмыстары туралы есебі»
2025 жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындысы
ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫ
Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында 2025 жылғы 1 шілдедегі белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 798 бірлікті (18 – ірі, 43 – орта және 737 – шағын кәсіпорындар) құрады, оның ішінде 696 өңдеу өнеркәсібінде жұмыс жасайды (14 – ірі, 38 – орта және 644 – шағын кәсіпорындар).
Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 2025 жылдың қаңтар-маусымында 679,9 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өнім көлемі 15,9%-ға артты.
Өнеркәсіп саласында үлесі 88,7% құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 603,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өндіріс индексі 117,9% құрады. Өсім республикалық көрсеткіштен (РК – 105,5%) жоғары болып қалыптасып, өңірлер арасында 3 орында.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында өсу динамикасы қалыптасқан: жиһаз өндіруде – 2,2 есеге, машина жасауда – 2,2 есеге, химия өнеркәсібінде – 2,3 есеге, дайын металл бұйымдарын өндіруде – 78,9%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде – 36,4%-ға, мұнай өнімдерін қайта өңдеу – 26,5%-ға, сусындар өндірісі – 46,9%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіруде – 22,6%-ға, металлургияда – 18,4%-ға, тамақ өнімдерін өндіруде – 23,2%-ға артқан.
ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР
Қала аумағында жалпы аумағы 1 276 га құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 685,9 млрд теңге сомасына 446 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңға 321,4 млрд теңгені құрайтын 312 жоба 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.
«ОҢТҮСТІК» индустриялық аймағында 132,5 млрд теңгеге 5801 жаңа жұмыс орындарымен 96 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 88 жоба іске қосылып, онда 5723 жұмыс орындары ашылды және оған 119,8 млрд теңгенің инвестициясы тартылды.
2025 жылы 112 жаңа жұмыс орындарын құрумен 30 млрд теңгеге
1 инвестициялық жоба іске асырылды.
Анықтама үшін:
1.«QazAlPack» ЖШС Алюминий қаптамасын (ыдысын) шығаратын өндірісті жаңғырту, инвестициялық құны – 30 млрд. тг, 112 жұмыс орны;
«ТАССАЙ» индустриялық аймағында 73,1 млрд теңгеге 2556 жаңа жұмыс орнымен 42 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпы құны 44,5 млрд теңгеге 33 жоба іске қосылып, онда 2 195 жұмыс орындары ашылды.
Сауда-логистикалық орталығында 47,1 млрд теңгеге 644 жұмыс орнын құрумен 8 жоба жүзеге асырылуда.
Аймақта жалпы инвестиция көлемі 39,3 млрд теңге тұратын 5 жоба іске асырылып, 452 жұмыс орындары құрылды.
«ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы құны 147,9 млрд теңге болатын 77 жобадан тұрады, олар 3 100 жұмыс орнын құруды көздейді.
Аталған аймақта жалпы инвестиция көлемі 70,5 млрд теңге тұратын 43 жоба іске асырылып, 1250 жұмыс орындары құрылды.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 120 жаңа жұмыс орындарын құрумен 1,1 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асырылды.
Анықтама үшін:
«ЖҰЛДЫЗ» индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүелерінің құрылыс жұмыстары 90%-ға аяқталды. Инженерлік инфрақұрылым жүргізудің жалпы құны 13,7 млрд теңгені құрайды.
Аймақта инвестициялық құны 230,6 млрд теңге құрайтын, 4 800 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 69 жоба іске асырылуда. Жалпы аумағы 306 га құрайды.
2025 жылы инвестициялық құны 10,7 млрд теңге құрайтын,
238 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 7 инвестициялық жоба іске асырылу жоспарлануда. Қазіргі таңда 100 жаңа жұмыс орындарын құрумен 5 000 млн теңге 1 инвестициялық жоба іске асырылды.
Анықтама үшін:
- «ЖҰЛДЫЗ» индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым құрылысы
«Жұлдыз» индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары 95% аяқталды. Инженерлік инфрақұрылым жүргізудің жалпы құны 13,7 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ, Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен қатысушылар тарапынан игерілмеген 60 га аумақ қайтарылды. Босаған жер учаскелерінің орнына импорталмастырушы, экспортқа бағытталған ірі жобалар орналастырылатын болады.
«БОЗАРЫҚ» агро-индустриялық аймағының жалпы аумағы 132 га құрайды. Аймақта жалпы құны 49,9 млрд теңгені құрайтын 19 жоба орналастыру жоспарланған.
Бүгінде аталған аймақтың инженерлік-инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары 95%-ға аяқталды. Инженерлік-инфрақұрылым желілерінің жалпы құны – 12,7 млрд теңге. Іске асыру мерзімі – 2025 жылды-ң IV тоқсаны.
Индустриялық аймақты сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жүргізуге бюджеттен 4,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары (мердігер мекеме «Агидель-АС» ЖШС) 95%-ға орындалды. Кәріз сорғы станцияларды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін құрылыс монтаждау жұмыстар ЖСҚ-ға сәйкес жасалынып, «Электричество» бөлімі болуы қажет.
Бүгінгі күнге, ЖСҚ-ға «Электричество» бөлімін қосу үшін, техникалық кеңес өткізіліп, хаттамасы түзелінуде. Техникалық кеңеске сәйкес, «Электричество» бөлімі жобасы және сметасы, нысаннын авторы «SK Best Spec Story KZ» ЖШС-і тарапынан жасаланып, экспертизадан өтуі қажет. Экспертизадан өткен соң, «Исключить-Добавить» хаттамасы түзеліп, құрылыс-монтаждау жұмыстар жасалынады. Осыған орай, келісім шарттың мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін создырылды.
Сонымен қатар, электр және газ жүйелерінің құрылысын жүргізуге бюджеттен 5,2 млрд теңге қаражат бөлініп (мердігер мекеме «Электромонтаж» ЖШС), құрылыс жұмыстары аяқталды.
Одан бөлек, құны 2,2 млрд теңгені құрайтын автомобиль жолдарының құрылысы (мердігер мекеме «Отау Строй» ЖШС) жүруде. Бюджеттен бөлінген қаржы 500 млн теңге. Құрылыс жұмыстары 100%-ға орындалды.
Қазіргі уақытта «Бозарық» индустриялық аймағында арка мен қоршауларға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп , мемлекеттік сараптаманың қарауына 2025 ж. мамыр айында жолданып, маусым айына дейін сараптама қорытындысын алу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталады.
Қала аумағында 1 660 га аумақта қосымша 5 жаңа өндірістік алаңдарды құру жұмыстары жүргізілуде.
Сауда-логистикалық орталығы 136 га кеңейту. Бүгінгі таңда аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін жүргізу бойынша техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жалпы инженерлік инфрақұрылым құны 8,9 млрд теңгені құрайды. Бүгінде электр, су, кәріз және электр жүйелеріне 2023 жылғы 8 желтоқсанда № КСК-0067/23 сараптама қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта су, кәріз және электр жүйелерінің ЖСҚ дайын. Жоба құны 4,1 млрд теңге, оның ішінде ағымдағы жылға жергілікті бюджеттен 400 млн теңге қарастырылған. Аяқтауға қажетті қаржы 3,6 млрд теңге, Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, жеткізуші автомобиль жолдарына 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № КСК-0027/23 сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 1,8 млрд теңге, оның ішінде ағымдағы жылға жергілікті бюджеттен 182 млн теңге қарастырылған. Аяқтауға қажетті қаржы 1,6 млрд теңге, Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.
Бұдан басқа, газбен жабдықтау (800 млн теңге) және темір жолдар (2,1 млрд теңге) бойынша ЖСҚ әзірленуде. Сараптама қорытындысын 2025 жылдың 1-тоқсанында алу жоспарлануда.
«ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймағын 175 га және «ЖҰЛДЫЗ» индустриялық аймағын 155 га кеңейтуге қажетті 330 га жер учаскесін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 288 га жер учаскесі қайтарылып, қалған 42 га бойынша бағалау, сот үрдістері жүруде. Жер учаскелері толығымен қайтарылғаннан кейін қажетті инженерлік инфрақұрылым жобасы әзірленетін болады.
Сонымен қатар, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан қуаттылығы 100 МВт құрайтын «Жұлдыз» қосалқы станциясының жобасы әзірленуде. Шамамен жоба құны 15-18 млрд теңге құрайды. Іске қосу мерзімі 2026-2027 жылдар. Жоба сәтті іске асқан жағдайда сол аумақтағы индустриялық аймақтар толығымен электр қуаттылығымен қамтамасыз етілетін болады.
Cондай-ақ, металлургия саласындағы жобалар іске асырылатын аумағы 1 076 га құрайтын қаланың оңтүстік-батыс бағытында жаңа индустриялық аймағын құру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда индустриялық аймақ тұжырымдамасы әзірленіп, қала әкімдігінің қаулысы қабылданды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан аталған аумақта жобаларға қажетті инженерлік-инфрақұрылымға қосылу нүктелерін анықтап, жобалау жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстарын жүргізу қажет.
ИНВЕСТИЦИЯ
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 359,9 млрд теңге инвестиция тартылып,
2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 100,2 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 259,7 млрд теңгені құрады.
2025 жылы жалпы 1 054,9 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 37,7%-ға артуы күтілуде.
Қала аумағында 2025–2030 жылдары аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 4,9 трлн теңгені құрайтын 23 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 197 инвестициялық жобаның пулы жасақталған.
|
Анықтама: 2025 жыл – 46 жоба, 194,7 млрд тг, 3416 ж.о. 2026 жыл – 70 жоба, 386,0 млрд тг, 5837 ж.о. 2027 жыл – 70 жоба, 555,6 млрд тг, 6822 ж.о. 2028 жыл – 7 жоба, 551 млрд тг, 2800 ж.о. 2029 жыл – 2 жоба, 80 млрд тг, 350 ж.о. 2030 жыл – 2 жоба, 3 224,2 млрд тг, 4450 ж.о. |
Сонымен қатар, 2025–2029 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі салаларында 406 млрд теңгеге 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 112 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды.
2025 жылы 59,4 млрд теңгеге 850 жаңа жұмыс орындарын құрумен 20 инвестициялық жоба іске асырылады. Оның ішінде, бүгінгі таңда 4 жоба іске қосылды. Атап айтқанда:
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Шымкент қаласында 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 139,1 мыңды (заңды тұлғалар – 21,8 мың бірлік, дара кәсіпкерлер – 111,8 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 5,5 мың бірлік) құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6,3 %-ға артты.
2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 244,8 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,3% - ға өскен.
Өндірілген өнім көлемі бойынша 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында 865,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне
23,9% - ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5% - ға жетті.
Ескертпе: статистикалық деректемелер 1 тоқсан кешігіп жарияланады.
Кәсіпкерлікті қолдау шаралары
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына сәйкес «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында кәсіпкерлікті қолдауға 2025 жылы 20 млрд теңге (республикалық бюджеттен – 15,3 млрд тг., жергілікті бюджеттен – 4,7 млрд теңге) бөлінген.
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 5 889,4 млн теңгеге
1916 жобаға (оның ішінде 216 жаңа жоба) қолдау көрсетілді. Оның ішінде:
- банк несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 5 758,7 млн теңгеге 1853 жобаға; (153 жаңа жоба)
- банк несиелерін ішінара кепілдендіру бойынша 130,7 млн теңгеге 63 жаңа жобаға;
2022-2024 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 2025 жылға міндеттемелерді өтеуге бюджеттен
100,4 млн теңге бөлінген.
2025 жылдың қаңтар-маусым айларына 16,4 млн теңге субсидия,
33,7 млн теңге өндірістік алаңдарының жалдау ақысы өтелді.
Шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылысы
Сонымен, қатар, Шымкент қаласында шағын өнеркәсіп аймақтарды салу бағдарламасы шеңберінде құны 22,7 млрд теңгеге (ӨДҚ –
16,4 млрд тг, жеке инвестиция – 6,3 млрд тг) 76,1 мың ш.м. құрайтын
3 жоба іске асырылуда: «Orda NS Building» ЖШС, «Standard Steel KZ» ЖШС және «Энерготранс-3» ЖШС.
Бүгінгі таңда шағын өнеркәсіптік аймақтардың 1-кезеңінің құрылысына 9,8 млрд теңге бөлініп, 2025 жылдың 2-жартыжылдығында 44,8 мың ш.м. құрылысы аяқталады.
Шағын өнеркәсіптік аймақтардың іске асырылуының нәтижесінде 150-ден астам шағын кәсіпорындар ашылып, 500 адам жұмыспен қамтылады және бюджетке 1 млрд теңге салық түсімдері күтілуде.
2025 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша қаланың бөлшек сауда көлемі 539,3 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,7% құрады.
Жыл соңына дейін бөлшек сауда көлемін 1194,3 млрд теңгеге жеткізу күтілуде.
Аталған көрсеткішке жаңадан ашылатын 8 сауда ойын-сауық орталықтарының және 11 сауда үйлерінің құрылысы,
10 жаңа сауда нүктелері («GraMad» гипермаркеті) және базарларды модернизациялау жүргізу есебінен қол жеткізілетін болады.
Көтерме сауданың көлемі 937,4 млрд теңгені құрады немесе 124,5% құрады.
Жалпы сауда көлемі 1480,2 млрд теңгені немесе
120,7% құрады.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН БАЗАРЛАРДЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТУ БОЙЫНША
Қала аумағында бүгінгі таңда 19 базар жұмыс істейді, оның ішінде әмбебап – 10, мамандандырылған – 9.
ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 10-бабының 2-3-тармағы базарларды құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді және модернизациялауды талап етеді.
Талаптарға сәйкес қала аумағында 19 базар модернизациялауға жатады.
Қала аумағында орналасқан 15 базардың («Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Алаш», «Исатай (Алатау)», «Акбар», «Самал», «Ынтық ата», «Барыс», «Көктем», «Жібек Жолы», «Көмеш бұлақ», «Нұр Сайрам», «Дархан», «Айна», «Жаңа шахар») модернизациялау жұмыстары аяқталған.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда 4 базар («Авто Нұр», «Қырғы базар», «Назым апа», «Жабық базар») Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі бекітен сауда базарларын жаңғырту жөніндегі Жол картаға сәйкес модернизациялау жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында толығымен аяқталатын болады.