«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызмет бойынша ақпарат

«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызмет бойынша ақпарат

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі №221-VII ҚРЗ  Заңы бекітіліп нәтижесінде, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 44-2 бабына сәйкес, «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегіндегі жер учаскесіне құқық беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет geo-shym.kz Шымкент қаласының геоақпараттық порталы egov.kz арқылы 2023 жылы қараша айынан бастап жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Скляр бекіткен 2025–2029 жылдарға «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) дамыту жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде (2025 жылғы 16 қаңтардағы №21-06/Б-2293), ЖМБМК АЖ (armegkn2.gov4c.kz) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ АЖО) іске қосылды.

ЖМБМК АЖ АЖО арқылы «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегіндегі жер учаскесіне құқықтарды сатып алу» (а.ж. 22 маусымнан бастап) мемлекеттік қызмет көрсетілуде.

Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызметті көрсету шеңберінде, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес, жер учаскесінің бөліну схемасын мемлекеттік органдар мен ұйымдар келісімдейді.

ЖМБМК АЖ armegkn2.gov4c.kz (АРМЕГКН) базасы толығымен интеграция жасалып іске қосылғанға дейін, келісуші монополиялық ұйымдардан яғни («КазТрансГаз Аймак» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «КУАТЖЫЛУОРТАЛЫК» МКК (Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына қарасты), Шымкент қаласы əкімдігінің (Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына қарасты) "Су құбыры жəне канализация басқармасы" мемлекеттік коммуналдық кəсіпорыны, АҚ «Транстелеком» АҚ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС) қорытынды алынады.

Қарау мерзімі - 1-кезең- 15 (он бес) жұмыс күні; 2-кезең - 15 (он бес) жұмыс күнін құрайтынын хабарлаймыз.

каз
Дата публикации
05 ноября 2025