«Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы»

Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы әкімдігінің мынадай кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін:

1) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы
18 ақпандағы №687 қаулысының 8-қосымшасындағы 1 жолы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

 

№ Кадастрлық нөмірі Аты жөні Мекен-жайлар Жалпы алаңы, (га) Алынатын алаңы,(га)
1 19-309-194-4654 Усербаева Мейрамкуль Салыбаевна Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 194 орам, 4424/1 жер учаскесі 0,0235 0,0088

         

         2) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы
16 қыркүйектегі №4917 қаулысының 1-қосымшасындағы 50 жолы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

         

№ Кадастрлық нөмірі Аты жөні Мекен-жайлар Жалпы алаңы, (га) Алынатын алаңы,(га)
50 22-327-087-099 Курбанов Ергеш Ишбулатович Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қазығұрт шағын ауданы, Айшықты көшесі, 87А үй 0,0372 0,0372

         

3) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2017 жылғы
07 наурыздағы №200 қаулысының 2-қосымшасындағы 1045, 1051 және
1052 жолдары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

 

№ Кадастрлық нөмірі Аты жөні Мекен-жайлар Жалпы алаңы, (га) Алынатын алаңы,(га)
1045 19-309-192-3381 Утегенова Кулян Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 192 орам, 3381 жер учаскесі 0,1000 0,1000
1051 22-330-038-908 Коржинбаева Жанар Тастанбековна, Коржинбаев Бахитжан Шанибекович Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тассай тұрғын үй алабы, 119 орам, 908 жер учаскесі 0,0800 0,0800
1052 22-330-038-264 Мырзагелдиева Калампыр Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тассай елді мекені, 264/2 жер учаскесі 0,0800 0,0800

         

4) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы
19 шілдедегі №1348 қаулысының 2-қосымшасындағы 1 жолы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

 

№ Кадастрлық нөмірі Аты жөні Мекен-жайлар Жалпы алаңы, (га) Алынатын алаңы,(га)
1 22-327-029-263 Утегенов Амангельды Толебаевич Шымкент қаласы, Абай ауданы, 189 орам, 1706 жер учаскесі 0,5000 0,5000
22-327-029-264 0,5000 0,5000

         

 5) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы
12 қазандағы № 625 қаулысының 11-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап бес жыл алты ай деп белгіленсін»;

6) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы
30 шілдедегі № 4176 қаулысының 2-қосымшасындағы 1, 2 және 3 жолдарының күші жойылды деп танылсын;

7) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы
18 ақпандағы № 687 қаулысының 1-қосымшасындағы 6, 15, 19, 21, 25 және
26 жолдарының күші жойылды деп танылсын;

8) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы
19 шілдедегі № 1348 қаулысының 1-қосымшасындағы 1 жолының күші жойылды деп танылсын;

  1. «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнама талаптарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелерінің орнына басқа жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастырып және осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  2. «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Исламовқа жүктелсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

       

       

        Шымкент қаласының әкімі                                      Ғ. Сыздықбеков

 

каз
Дата публикации
28 октября 2025