«Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы»

Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес және Шымкент қаласы прокуратурасының 2025 жылғы 08 қыркүйектегі №2-40-25-11240 санды ұсынуы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы әкімдігінің мынадай кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін:

1) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы
20 наурыздағы №1363 қаулысының 8-қосымшасының күші жойылды деп танылсын;

2) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы
05 шілдедегі №3504 қаулысының күші жойылды деп танылсын;

3) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы
20 ақпандағы №309 қаулысының 6-қосымшасының күші жойылды деп танылсын;

4) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы
03 сәуірдегі №1558 қаулысының 2 және 3-қосымшаларының күші жойылды деп танылсын;

5) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы
10 маусымдағы №2703 қаулысының 6-қосымшасының күші жойылды деп танылсын;

6) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы
04 қыркүйектегі №4664 қаулысының 1-қосымшасының күші жойылды деп танылсын;

7) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы
06 қарашадағы №5670 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

  1. «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Исламовқа жүктелсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

       

       

        Шымкент қаласының әкімі                                      Ғ. Сыздықбеков

 

каз
Дата публикации
28 октября 2025