«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы»

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2025 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы

 

Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 11 640 983, жеке тұлғаларға: 11 618 324 және заңды тұлғаларға: 22 659 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 221 609 (үлесі 1,9%), жеке тұлғаларға: 208 446 және заңды тұлғаларға: 13 163 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 172 511, жеке тұлғаларға: 172 088 және заңды тұлғаларға:   423 қызмет;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 49 098, жеке тұлғаларға: 36 358 және заңды тұлғаларға: 12 740 қызмет;

Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 11 419 374 (үлесі 98,1%), жеке тұлғаларға: 11 409 878  және заңды тұлғаларға: 9 496  қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 9 902 172, жеке тұлғаларға: 9 892 676 және заңды тұлғаларға: 9 496 қызмет;
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 1 517 202 (жеке тұлға).

Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 10 240 бірлік.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеген.

35 объект бойынша ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 2 974 құқық бұзушылықтар анықталды.

Құқық бұзушылықтарға жол берген 74 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 31, орындалғаны – 31.

Ішкі байқау шеңберінде анықталған мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бұзушылықтарының жалпы саны –  165.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халықтың арасында 147 түсіндірме іс-шарасы жүргізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 42 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.

 

Шымкент қаласының әкімдігі

 

 

 

 

 

 

 

 

каз
Дата публикации
13 октября 2025