Бюджеттік бағдарламаларды
(кіші бағдарламаларды) әзірлеу
және бекіту (қайта бекіту) қағидалары
және олардың мазмұнына қойылатын
талаптардың 2-қосымшасы
Бекітілді
2025 жылғы « » қыркүйектегі
№ н/қ бұйрыққа № 1 қосымша
БЮДЖЕТТIК БАҒДАРЛАМА
121 Шымкент қаласы әкімінің аппараты
бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы
2025-2027 жылдарға арналған
Бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы: 001 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қызметін қамтамасыз ету»
Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: Аппарат басшысының міндетін уақытша атқарушы – Д. Мырзақұлов
Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Республикасының өзін-өзі 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және басқару туралы» №148 Заңы;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» №416-V Заңы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» №451қбп қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» №646 қбпү қаулысы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсанындағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №195 бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» №1002 бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 21 сәуірдегі «2025 қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №184 бұйрығы;
«2025-2027 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы маслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №23/195-VIII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі №29/258-VIII шешімі. «2025-2027 жылдарға арналған Шымкент қаласы бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №6654 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі №5135 қаулысы.
Бюджеттiк бағдарламаның түрі:
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: республикалық маңызы бар қаланың
мазмұнына байланысты : мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету
іске асыру түріне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама
ағымдағы/даму- ағымдағы
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Шымкент қаласы әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету.
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Шығындар жүктелген қызметтер мен міндеттерді тиімді орындау үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен техникалық қызмет көрсететін жұмысшыларды және азаматтық қызметшілерді ұстауға, сонымен қатар, басқа да қорлар мен негізгі құралдар алуға, коммуналдыққызметтерді төлеуге, ғимаратты ұстауға, басқа да негізгі құралдарды ұстау және жөндеуге бағытталған.
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы
| Бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстар | өлшем бiрлiгi | Есепті жыл | Ағымдағы жыл жоспары | Жоспарлы кезең | ||
| 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл |
2026 жыл |
2027 жыл | ||
| Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қызметін қамтамасыз ету | Мың теңге | 850 295,6 | 1 206 702 | 1 399 175 |
991 644 | 1 009 665 |
| «Шымкент қаласы әкімдігінің Ісбасқармасы» КММ | Мың теңге | 793 051,4 | 1 327 217 | 1 395 791 | 990 660 | 1 022 641 |
| Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар | Мың теңге | 1 643 347 | 2 533 919 | 2 794 966 | 1 982 304 | 2 032 306 |
Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы: 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»
мазмұнына байланысты: мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету;
ағымдағы/даму: ағымдағы
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Шығындар жүктелген қызметтер мен міндеттерді тиімді орындау үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен техникалық қызмет көрсететін жұмысшыларды және азаматтық қызметшілерді ұстауға, сонымен қатар, басқа да қорлар мен негізгі құралдар алуға, коммуналдыққызметтерді төлеуге, ғимаратты ұстауға, басқа да негізгі құралдарды ұстау және жөндеуге бағытталған.
| Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi | Өлшем бiрлiгi | Есепті жыл | Ағымдағы жыл жоспары | Жоспарлы кезең | ||
| 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | ||
| Әкім аппаратының штатын ұстау, оның ішінде:-мемлекеттік әкімшілік қызметшілер-штаттан тыс қызметкерлер | Штаттық бірлік саны |
126 94 32 |
154 122 32 |
154 122 32 |
154 122 32 |
154 122 32 |
| «Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасы» КММ азаматтық қызметшілер | Штаттық бірлік саны | 105 |
166 |
197 | 176 | 176 |
| Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар | Өлшем бiрлiгi | Есепті жыл | Ағымдағы жыл жоспары | Жоспарлы кезең | ||
| 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | ||
| «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» әкім аппараты | Мың теңге | 850 295,6 | 1 206 702 | 1 399 175 |
991 644 | 1 009 665 |
| «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» «Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасы» КММ | Мың теңге | 793 051,4 | 1 327 217 | 1 395 791 | 990 660 | 1 022 641 |
| Жалпы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар | Мың теңге | 1 643 347 | 2 533 919 | 2 794 966 | 1 982 304 | 2 032 306 |