Ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын Шымкент қаласы әкімдігінің шығыстарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын Шымкент қаласы әкімдігінің шығыстарын бекіту кезінде 10 000 (он мың) текше метр су көлемінің ағымдағы бағам бойынша шығыны бекітілсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов