«Шымкент қаласындағы тұрғын
үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібін айқындау туралы»
Шымкент қаласы мәслихатының
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 14/124-VIII шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 5-тармағына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
5, 8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:
1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он текше метр;
2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;
3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:
бір адамға үш текше метр суық су;
бір адамға бір текше метр ыстық су;
4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалория;
5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға төрт жүз теңге;
6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге бір мың теңге;
7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін бір мың бір жүз тоқсан тоғыз теңге;
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңге құрайтын шығыстар;
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңге;
10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.»;
«8. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тікелей «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.»;
«9. Мемлекеттік корпорациядан не портал арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы