ЖОБА
Шымкент қаласының су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарын белгілеу туралы
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
Шымкент қаласының су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарын белгілеу туралы |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 8-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкестендірілді. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 125-бабы жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарын белгілеу туралы |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Нормативтік құқықтық актіні қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру |
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жобаны қабылдау негативті әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдарға алып келмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етпейді
|