«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы»

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2025 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы

Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 7 776 244, жеке тұлғаларға: 7 760 929 және заңды тұлғаларға: 15 315 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 107 226 (үлесі 1,4%), жеке тұлғаларға: 96 641 және заңды тұлғаларға: 10 585 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 71 123, жеке тұлғаларға: 70 777 және заңды тұлғаларға:   346 қызмет;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 36 103, жеке тұлғаларға: 25 864 және заңды тұлғаларға: 10 239 қызмет;

Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 7 669 018 (үлесі 98,6%), жеке тұлғаларға: 7 664 288 және заңды тұлғаларға: 4 730 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 6 714 683, жеке тұлғаларға: 6 709 953 және заңды тұлғаларға: 4730 қызмет;
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 954 335 (жеке тұлға).

Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 6 893 бірлік.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеген.

30 объект бойынша ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 1480 құқық бұзушылықтар анықталды.

Құқық бұзушылықтарға жол берген 72 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 28, орындалғаны – 28.

Ішкі байқау шеңберінде анықталған мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бұзушылықтарының жалпы саны –  162.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халықтың арасында 133 түсіндірме іс-шарасы жүргізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 35 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.

 

Шымкент қаласының әкімдігі

каз
Дата публикации
17 июля 2025