«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Жер учаскелерін мемлекет

мұқтажы үшін мәжбүрлеп

иеліктен шығарудың

басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы
1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына және Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының 2025 жылғы 28 мамырдағы №01-02-16/590-Қ/Х қызметтік хаты, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының 2025 жылғы 09 маусымдағы №24-04-06/3813 санды қала құрылыстық қорытындысы, жерге орналастыру жобасы және Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «KEREGE GROUP CONSTRACTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке меншігіндегі Шымкент қаласы, Абай ауданы, Бәйдібек би даңғылы, №1214 мекенжайда орналасқан кадастрлық №22-327-030-146, алаңы 0,7000 га жер учаскесі қолданыстағы Шымкент қаласы, Абай ауданы, Этносаябақ аумағында орналасуына байланысты мемлекет мұқтажына алынсын.
  2. «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнама талаптарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелерінің орнына басқа жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастырып және осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш айдан ерте болмай бір жыл алты ай деп белгіленсін.
  4. Жер учаскелердің иелері немесе мемлекеттік емес және мемлекеттік жер пайдаланушылармен келісім рәсімдерін жүзеге асыруға жүгінетін орын ретінде Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Жұмабай Шаяхметов көшесі,
    №39 ғимаратта орналасқан «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
  5. «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Исламов жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының және жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын өтелуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
  6. «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  7. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Исламовқа жүктелсін.
  8. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

   Шымкент қаласының әкімі                                               Ғ. Сыздықбеков

 

каз
Дата публикации
24 июня 2025