Жер учаскелерін мемлекет
мұқтажы үшін мәжбүрлеп
иеліктен шығарудың
басталуы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы
1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына және Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарамасының қызметтік хаттары, қала құрылыстық қорытындылары, жерге орналастыру жобалары және Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Әуежай аумағында өңірлік авиациялық және логистикалық хаб» үшін осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, №17 шағын ауданы, №10/2 мекенжайында орналасқан «РК-1» жылыту қазандығының маңында кірме жолдың құрылысы үшін осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Рысқұлов – Шаяхметов көшелерінің қиылысындағы оң жақ өткел бұрылыс жолын кеңейту үшін
3-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Абай ауданы, Алматы-Ташкент А2 және Сырым батыр көшелерінің қиылысында «Тұран коллектор» кәріздік коллекторының құрылысы үшін 4-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнама талаптарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелерінің орнына басқа жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастырып және осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш айдан ерте болмай бір жыл алты ай деп белгіленсін.
- Жер учаскелердің иелері немесе мемлекеттік емес және мемлекеттік жер пайдаланушылармен келісім рәсімдерін жүзеге асыруға жүгінетін орын ретінде Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Жұмабай Шаяхметов көшесі,
№39 ғимаратта орналасқан «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
- «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Исламов жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының және жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын өтелуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
- «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Исламовқа жүктелсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков