Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 1990 қаулысына және Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 15/132-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 210-17 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 31-бабына, «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 27-баптарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1-тармақтың 10) тармақшасы алынып тасталсын.
«Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен қаулы мен шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен қаулы мен шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
| Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков____________________ |
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б.Нарымбетов______________________ |