«Шымкент қаласы бойынша 2025 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерiнің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидия нормаларын бекіту туралы»

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы
2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) 2020 жылғы
30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы бойынша 2025 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидия нормалары бекітілсін.
  2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Шымкент қаласының әкімі                                                        Г. Сыздыкбеков

каз
Дата публикации
20 мая 2025