«Сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін қалыптастыру және бекіту туралы»

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Құрметті әлеуетті сауда-саттық қатысушылары! Шымкент  қаласы әкімдігінің «Шымкент қаласы жер қатынастары басқармасы» ММ 2025 жылдың 20 мамыр-27 мамыр аралығы күндері сағат 10:00-ден бастап Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.e-kazyna.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» № 920 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін 5минут бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.

Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail).

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысу өтінімін тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

каз
Дата публикации
20 мая 2025