«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2025 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы

Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 3 762 894, жеке тұлғаларға: 3 757 626 және заңды тұлғаларға: 5 268 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 73 770 (үлесі 2%), жеке тұлғаларға: 69 960 және заңды тұлғаларға: 3 810 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 60 245, жеке тұлғаларға: 60 070 және заңды тұлғаларға:   175 қызмет;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 13 525, жеке тұлғаларға: 9 890 және заңды тұлғаларға: 3 635 қызмет;

Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 3 689 124 (үлесі 98%), жеке тұлғаларға: 3 687 666 және заңды тұлғаларға:1 458 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 3 222 770, жеке тұлғаларға: 3 221 312 және заңды тұлғаларға: 1 458 қызмет;
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 466 354 (жеке тұлға).

Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 3 228 бірлік.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеген.

13 объект бойынша ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 970 құқық бұзушылықтар анықталды.

Құқық бұзушылықтарға жол берген 30 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 13, орындалғаны – 13.

Ішкі байқау шеңберінде құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халықтың арасында 56 түсіндірме іс-шарасы жүргізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 10 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Шымкент қаласының әкімдігі

каз
Дата публикации
09 апреля 2025