Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына және Шымкент қаласының құрылыс басқармасының, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының қызметтік хаттары, қала құрылыстық қорытындылары, жерге орналастыру жобалары және Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Шымкент қаласы, М.Х. Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназияға қосымша ғимарат құрылысы үшін осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Рысқұлбеков көшесінің бойында гүлзар құрылысы үшін осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 264 орамда «Мұнай өңдеу өндірісі объектілері» үшін осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Алматы-Ташкент А2 тас жолы бойында Тұран, Тұран-2, Бозарық-3, Асар-2 шағын аудандарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында Тұран кәріз коллекторының құрылысы үшін осы қаулының 4-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
Шымкент қаласы, Нұртас шағын ауданы, Кәусар көшесінің құрылысы үшін осы қаулының 5-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Таскен тұрғын алабында гүлзар құрылысы үшін осы қаулының 6-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Әуежай аумағында жаңа ұшу-қону жолағы» үшін осы қаулының 7-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Рысқұлов-Бәйтереков көшелерінің қиылысында гүлзар құрылысы үшін осы қаулының
8-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 223 орамда «Стадион құрылысы үшін» осы қаулының 9-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
«Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнама талаптарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелерінің орнына басқа жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастырып және осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш айдан ерте болмай бір жыл алты ай деп белгіленсін.
Жер учаскелердің иелері немесе мемлекеттік емес және мемлекеттік жер пайдаланушылармен келісім рәсімдерін жүзеге асыруға жүгінетін орын ретінде Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Жұмабай Шаяхметов көшесі,
№39 ғимаратта орналасқан «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
«Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Исламов жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының және жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын өтелуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
«Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Исламовқа жүктелсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
Р. Берденовке жүктелсін.
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков