Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/124-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 204-17 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 5-тармағына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер немесе жатақханадағы бөлме мөлшеріндегі аудан нормасы қабылданады.».
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы
мәслихатының төрағасы