«Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары» қалалық мәслихаттың 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №73/681-6с шешімімен бекітілді және мәслихаттың 2024 жылдың 12 желтоқсандағы №23/198-VIII шешімімен өзгертілді.
Жалпы, жоспар бойынша есепті жылы 18 негізгі ұлттық индикатор және 71 нәтиже көрсеткіштері жоспарланған, жыл қорытындысы бойынша 1 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 14 индикатор бойынша статистикалық есептілік мерзімі келген жоқ. 3 индикаторға қол жеткізілмеді.
Даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қала әкімдігінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы №177 қаулысымен бекітілген.Іс-шаралар жоспарында 2024 жылы барлық көздерден жалпы сомасы
558,9 млрд.теңге қарастырылды.
Бағыт 1: Экономиканың берік іргетасы
Қала экономикасының дамуын қамтамасыз ету саласында 2 негізгі ұлттық индикатор қарастырылған, есепті кезеңде статистикалық есептілік мерзімі келмеген.
- Экономиканың нақты өсу қарқыны (жоспар - 8,4%).
- Еңбек өнімділігінің жинақталған өсу индексі (жоспар - 110,6%).
2024 жылдың қорытындысымен барлық макроэкономикалық көрсеткіштерде оң динамикалық өсім қалыптасты.
Атап айтқанда, тартылған инвестиция 12 пайызға, құрылыс жұмыстары 14 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 26 пайызға, сауда көлемі 20 пайызға, көлік қызметі 27 пайызға, өнеркәсіптегі өнім көлемі 3 пайызға артты.
2024 жылдың қортыныдысымен қала экономикасының қысқа мерзімді өсімі 11,7 пайызды құрап, индикаторлардың орындалуы күтілуде.
2024 жылғы индикатор бойынша статистикалық деректер 2025 жылғы тамыз айында жарияланады.
Өңдеу өнеркәсібі саласында 1 негізгі ұлттық индикатор қарастырылған, оның есеп беру мерзімі келмеген.
- Өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорты (жоспар 681,3 млн АҚШ доллар).
2024 жылдың 11 айында өңдеу өнеркәсібінің өнімдер экспорты 650,8 млн. АҚШ долл. құрады. Индикатордың өсуі 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,6% -ға өсім тамақ өнеркәсібі (120,2%), машина жасау (2,4 есе), дайын металл бұйымдарын (101,8%), резеңке және пластмасса бұйымдарын (182,9%), ағаш бұйымдары (117,6%), қағаз және қағаздан өнімдерін (5,4 есе) өндіру есебінен қалыптасты.
2024 жылдың көрсеткіштері 2025 жылдың мамыр айында жарияланады. Жыл қорытындысымен индикатордың орындалуы күтілуде.
Бағыт 2: Өсудің жаңа нүктелері
Инновациялар, цифрлық және креативті экономика саласы бойынша 1 негізгі ұлттық индикатор қарастырылған, есеп беру мерзімі келмеген.
- Инновация саласындағы белсенділік деңгейі (жоспар 10,5%).
2024 жылғы индикатор бойынша статистикалық деректер 2025 жылғы мамырда жарияланады.
Туризм саласы бойынша 2 негізгі ұлттық индикатор көзделген, оның есептілік мерзімі келмеген.
- ішкі туристер саны (жоспар 0,53 млн адам).
- келетін туристер саны (жоспар 0,063 млн адам).
2024 жылғы индикатор бойынша статистикалық деректер 2025 жылғы мамыр айында жарияланады.
Бағыт 3: Өмірдің жоғары сапасы
Денсаулық сақтау саласы бойынша 1 негізгі ұлттық индикатор көзделген, есепті кезеңде статистикалық есептілік мерзімі келмеген.
- Туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы (жоспар 77,1 жыл).
2024 жылғы индикатор бойынша статистикалық деректер 2025 жылғы мамыр айында жарияланады.
Денсаулық сақтау саласында 2024 жылы 3 жекеменшік медициналық орталық пайдалануға берілді.
Бюджет есебінен 2 ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Медициналық ұйымдардың материалдық - техникалық базасын нығайтуға 3 993,4 млн. теңге қарастырылды. Оның ішінде: медициналық ұйымдарға 23 дана автокөлік сатып алынды.
Әлеуметтік қорғау саласы бойынша 1 негізгі ұлттық индикатор көзделген, индикаторға қол жеткізілді.
- Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен /кедейлік шегінен төмен халықтың үлесі 2024 жылдың III тоқсанында 6,1% құрады (жоспар 6,4%).
2024 ж. III тоқсанда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан 4,8 пайызға төмендеді.
Шымкент қаласында 2024 жылы 26 662 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты немесе жоспар 122,4% орындалды.
Бағдарламаны жүзеге асыруға 6 696,0 млн.теңге қаралды (қалалық бюджет).
Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 7 019 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған, нақты 10696 адам (152,4%).
Жұмысқа орналастыру бойынша 14 938 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған, нақты 15 926 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (106,6%).
428 адамға өтеусіз негізде грант беру жоспарланған, нақты 428 адамға берілген (100,0%).
Білім саласы бойынша 3 негізгі ұлттық индикатор көзделген, есепті кезеңде есептілік мерзімі келмеген.
PISA тестілеуі негізінде орта білім беру нәтижелерінің сапасы, балл:
- Оқу сауаттылығы (жоспар 368 балл).
- Математикалық сауаттылық (жоспар 413 балл).
- Жаратылыстану сауаттылығы (жоспар 410 балл).
Білім саласында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 15 800 орындық 11 мектеп пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет есебінен әрқайсысы 500 орындық заманауи талаптарға сәйкес келетін екі Оқушылар сарайы іске қосылды.
PISA тестілеуі 3 жылда 1 рет жүргізіледі. Келесі тестілеу 2025 жылы өтетін болады.
Қалада типі мен мөлшеріне байланысты объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) халыққа қолжетімділігінің ең төмен міндетті деңгейін қамтамасыз ету бойынша 1 негізгі ұлттық индикатор көзделген, индикаторға қол жеткізілді.
Оның ішінде білім нысандарымен және қызметтерімен қамтылу деңгейі 97,6%, денсаулық сақтау – 86,9%, әлеуметтік сала – 91,5%, мәдениет және спорт – 97,1%, көлік – 98,5%, инженерлік инфрақұрылым – 76,6%, ойын сауық және қызмет көрсету - 100% құрады.
Білім саласында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 11 мектеп, әрқайсысы 500 орындық екі Оқушылар сарайы іске қосылды.
Халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізілетін көпфункционалды 2 066 орындық Конгресс холл пайдалануға берілді.
Қала орталығынан шалғай орналасқан 4 елді мекенде жаңа мәдениет үйлері іске қосылды.
Денсаулық сақтау саласында 3 жекеменшік медициналық орталық пайдалануға берілді.
Тұрғын үй саласында 2024 жылы 1 367 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілдң.
Жұмысшы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 514 пәтер сатып алынды.
2024 жылы 3 елді мекенде 27 мың халық ауыз сумен, 2 елді мекенде 15 мың халық электр энергиясымен, 6 елді мекенде 90 мың халық табиғи газбен, 2 елді мекенде 20 мың халық кәріз жүйелерімен қамтылды.
Сонымен қатар, 120 мыңға жуық халықты кәріз жүйесіне қосу мүмкіндігі бар коллектор пайдалануға берілді (Тұран, Бозарық, Шымсити, Асар-2, Ақжайық, Достық).
2024 жылы 270 шақырым асфальт жол салынып, сапасы жақсы жолдардың үлесі 75 пайызға жетті.
Қала әуежайының жаңа терминалы іске қосылды.
Жеке инвестор есебінен теміржол вокзалының ғимараты қайта құрудан өтіп, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасалды.
2024 жылы 2 270 көше жарықтандырылды.
1 өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, «Шымкент сити» шағын ауданында аумағы 20 гектарды құрайтын саябақ пайдалануға берілді. Қаланың басқа аумақтарында жаңа 24 парктар мен скверлер салынды.