Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізілсін:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 298-бабында (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкімшілік жаза қолдану;
27-2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 305-бабында (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкімшілік жаза қолдану;»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) Басқарма қарамағындағы мекеменің басшысын тағайындайды және лауазымынан босатады;»;
мынадай редакциядағы 25-тармақпен толықтырылсын.
«25. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Шымкент қалалық газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».».
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков