«Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 202-17 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында»:

  1. 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін әкімдік белгілейді және осы Қағидалармен бекітіледі.

Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.»

12-тармақта:

1), 5), 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

Заңның 5-бабында көрсетілген басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне– 50 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

5) 9 мамыр - Жеңіс күні:

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1272 АЕК мөлшерінде;

Заңның 7-бабы 3), 4) тармақшаларында көрсетілген еңбек ардагерлеріне – 15 АЕК мөлшерінде;

8-баптың 1), 2) тармақшаларында көрсетілгендерге – 15 АЕК мөлшерінде;»

9) 1 қазан – Қарттар күні:

70 жасқа толған және одан асқан адамдарға – 3 АЕК мөлшерінде.»

  1. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы

 

Б. Нарымбетов

каз
Дата публикации
10 февраля 2025