«Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 963 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 963 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Шымкент қаласының әкімі
|
|
Ғ. Сыздықбеков
|