«Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) Шымкент қаласы әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  2. Аппараттың ведомствосы бар.

  3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  4. Аппарат ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

  5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

  6. Аппарат, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

  7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  8. Аппарат құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат тұрғын алабы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10, индекс 160023.

  10. Осы ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.

  11. Аппарат қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

  12. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

  1. Аппараттың мақсаттары:

жергілікті атқарушы органның, әкімнің қызметін қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Өкілеттіктері:

1) Аппараттың құқықтары:

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрі – Басқармалар) және Шымкент қаласының аудан әкімдерінің аппараттарына міндетті орындауға жататын тапсырмалар беруге;

Аппараттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыруға;

қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қала әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларына және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындалуына талдау жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға, себептері мен орындалмау жағдайларын анықтауға;

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың билігіндегі ақпараттық деректер жиынтығын пайдалануға;

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникациялар жүйелерін пайдалануға;

заңнамада белгіленген тәртіппен қала әкімдігі мен әкімі қарайтын мәселелерді дайындауға және шешуге қатысуға Аппараттың, Басқармалардың қызметкерлерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін тартуға;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

2) Аппараттың міндеттері:

Шымкент қаласы әкімінің, әкімдіктің қызметін ақпараттық- аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық  және материалдық-техникалық  қамтамасыз ету.

  1. Аппараттың функциялары:

1) халықаралық және республикалық іс-шараларды, бизнес-форумдар  мен саммиттерді дайындау және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау, өткізілетін іс-шараларға  жауапты қызметкерлердің кезекшілігін ұйымдастыру, Аппаратта кезекшілік кестесін жасау және орындалуын бақылау;

2) қаланың «Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныстарды қарау;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету;

4) Шымкент қаласының аудан әкімдерінің аппараттары мен Басқармалары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз етуді бақылау;

5) кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін іріктеу және жоспарлау, кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

6) кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет»      персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы, құқық бұзушылық профилактикасы, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделері бойынша комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

8) Шымкент қаласында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды  жоспарлау және өткізу;

9) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

10) қала аумағында мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар  кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;

11) құқықтық немесе нормативтік құқықтық актілерді, шарттарды,                          іс жүргізу құжаттарын, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеу, оның ішінде оларды Шымкент қаласының аудан әкімдері аппараттары мен Басқармалары әзірлеген жағдайда келісу;

12) қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық  салаларда мемлекеттік саясаттың іске асырылуына талдау жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу және Шымкент қаласының аудан әкімдері мен Басқармалардың осы саладағы жұмысына талдау жүргізу барысында анықталған кемшіліктер бойынша анықтамалар дайындау;

13) Шымкент қаласының әкімдігінде, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары, соның ішінде көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізу;

14) қала әкімдігінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, құпия емес құжаттарды есепке алу, өткізу, қарау және жіберу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, олардың уақытылы орындалуын бақылау;

15) жеке және заңды тұлғалардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келіп түсетін өтініштерін қабылдау, тіркеу, талдау және бақылау;

16) Шымкент қаласы әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының және оның орынбасарларының алдын ала жазылу бойынша азаматтарды қабылдауын жүзеге асыру;

17) қала әкімінің халықпен кездесулерін ұйымдастыру және аудан әкімдерінің халықпен кездесулерін үйлестіру;

18) қала әкімдігі, әкіміне және Аппаратқа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған материалдарға күнделікті талдау жасау және қажет болған жағдайда әкімдік мүшелерінің қатысуымен дер кезінде баспасөз конференциялар, брифингтер, дөңгелек үстелдер өткізу;

19) ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясаттың қалыптасуына қатысу және ақпараттық қауіпсіздік саясатын қалыптастыру.

каз
Дата публикации
29 января 2025