«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2024 жылдың қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы

2024 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 14 359 053, жеке тұлғаларға: 14 330 816 және заңды тұлғаларға: 28 237 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 178 238 (үлесі 1,2%), жеке тұлғаларға: 156 793 және заңды тұлғаларға: 21 445 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 87 389, жеке тұлғаларға: 86 131 және заңды тұлғаларға:   1 258 қызмет;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 90 849, жеке тұлғаларға: 70 662 және заңды тұлғаларға: 20 187 қызмет;

Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 14 180 815 (үлесі 98.8%), жеке тұлғаларға: 14 174 023 және заңды тұлғаларға: 6792 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 12 804 793, жеке тұлғаларға: 12 798 001 және заңды тұлғаларға: 6792 қызмет;
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 1 376 022 (жеке тұлға).

2024 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 14 395 бірлік.

2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына 7 шағым келіп түсті.

2024 жылдың қорытындысы 50 нысан (жоспарлы – 39,  жоспардан тыс – 11) бойынша ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 18 284 бұзушылықтар анықталды.

Құқық бұзушылықтарға жол берген жалпы 39 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 44, орындалғаны – 44.

Ішкі байқау шеңберінде анықталған мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бұзушылықтарының жалпы саны –  182.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халықтың арасында 341 түсіндірме іс-шарасы жүргізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 243 қызметкер біліктілікті арттыру (оқу) курсынан өтті.

Шымкент қаласының әкімдігі

каз
Дата публикации
14 января 2025