Мемлекеттік органның қарауына келіп түскен күні (epetition.kz арқылы) – 10.12.2024 жыл, ҰЖ-2024-06255295
Жұмысшы топтың құрамы Шымкент қаласы әкімінің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №87-Ө өкімімен бекітілген.
Шымкент қаласының әкімдігі (ЖАО)
Жұмыс тобының отырыстарын өткізуді қамтитын жұмыс тобы отырыстарының іс-шаралар жоспары әзірленді.
Жұмыс тобының барлық қатысушыларына Шымкент қалалық «Сумен жабдықтау және су бұру басқармасы» мемлекеттiк кәсiпорны мүлкi негiзiнде еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары құру туралы Шымкент қаласы әкімінің 13.12.1996 жылғы № 1676, 10.11.1997 жылғы № 1970, 10.11.1997 жылғы № 1971 шешімдерін қоса алғанда, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС кәсіпорнының қызметін тексеру нәтижелері, Шымкент қаласының әкімі А. Орманның еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мүлкін жекешелендіру туралы 24.11.1997 жылғы № 2069, 28.11.1997 жылғы № 2101, 28.11.1997 жылғы № 2102, 24.02.1997 жылғы № 274 шешідері, сондай-ақ әкім А. Орман тиісті шешім қабылдауға сүйенген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары ұсынылды.
Өткізілген отырыстардың қорытындысы бойынша петицияда айтылған тезистерге және петиция авторының бастамасымен көтерілген басқа да сұрақтарға жауаптар берілді.
Петиция бойынша жария талқылау офлайн форматта – жалпы құрамында 19 адам бар жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен Жастар ресурстық орталығының залында өтті (кворум қамтамасыз етілді). Жария талқылау БАҚ өкілдерінің, Шымкент қаласы тұрғындарының, сондай-ақ, басшысы А.Орман бастаған «Су ресурстары - маркетинг» ЖШС ұжымының қатысуымен өтті. Жалпы талқылауға 650-ге жуық адам қатысты.
Жария талқылау барысында сөз сөйлегендер:
Петицияны талқылау қорытындысы бойынша жұмыс тобының барлық қатысушы мүшелері, сондай-ақ А. Орманды қолдауға келгендерді қоспағанда, тұрғындар заңсыз жекешелендірілген мемлекеттік мүлікті коммуналдық меншікке қайтару қажеттігі туралы ұстанымдарын білдірді.
Жергілікті атқарушы орган өкілімен өтініш берушіге сотқа жүгіну қажеттілігі туралы түсіндірме беріле отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы алдын ала шешім жарияланды.
Өтінішті қарау барысында жұмыс тобының 3 отырысы өткізіліп, онда өтініште көрсетілген уәждер талқыланды. Сондай-ақ, жария талқылау өткізілетін күн, орын және уақыт - 30.12.2024 жыл, сағат 11.00-де Жастар ресурстық орталығы ғимараты болып белгіленді.
Сайттағы пікірлердің жалпы саны: 3 577 құрады.
https://epetition.kz/petition/2237203e-5321-47ad-bf6b-5dee43cf8f7f?commentPage=0
Жария тыңдаулар аясында петиция тақырыбын қолдау үшін келесі уәждер айтылды:
- Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілген;
- Суды жеткілікті мөлшерде үздіксіз беру қамтамасыз етілуде;
- Арзан – бұл жақсы дегенді білдірмейді.
Петиция авторы Т. Бегімқұл су арнасының жеке меншікке өткен барлық кезеңінде су жеткізу және ағынды суларды тазарту саласында біршама тәжірибе жинақталған деп есептейді және бұл тәжірибені сақтау мен дамыту мақсатында арнайы оқу орталығы құрылғанын, оның негізінде су шаруашылығы мамандарының келесі буыны қалыптасып келе жатқандығын айтады. Сонымен қатар, судың жеткілікті көлемде үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілуде. Су жеткізу процесін тұтынушыларға дейін бақылап отыратын заманауи цифрлық автоматтандырылған жүйе енгізілген. Серіктестік ауыз суды үнемдеу жөніндегі мемлекеттік саясатты қолдайды. Қызметтердің құнына келетін болсақ, төмен тарифтер әрқашан жақсы жағдай жасалғанын білдіре бермейтінін түсіну керек. Сумен қамтамасыз ету және су бұру қызметтерінің сапасы тікелей тарифтердің мөлшеріне байланысты: неғұрлым төмен төлем болса, соғұрлым қызметтердің сапасы нашар болады. Жоғары сапалы қызмет көрсетуге бағытталған кез келген кәсіпорынның қызметі осы деңгейде қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржылық тұрақтылықты талап етеді». Анарбек Орманов – осы уақытқа дейін оған ешкім шағымдармен келмегендігін мәлімдеді. Суды рационалды пайдалану мәселесі А.Ормановтың пікірінше, бұл оның еңбегі. Ол адамдардың суды аз жұмсай бастағандығын және үнемдеуді үйренгендігін алға тартуда. Сондай-ақ, ол жекешелендірудің заңсыздығы туралы айтылған сөздердің негізі жоқ екендігін атап өтті.
Жекешелендірудің заңсыздығын мәлімдеген «Қоғамдық бақылау «Халық игілігі үшін» РҚБ төрағасы Қ. Битасов петицияда көрсетілгендер мен оның авторының пікіріне қарсы пікір білдірді. Ол бірқатар дәлелдерді келтірді:
«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-мен су құбыры және кәріз желілері мен құрылыстарын қайта құру мен жаңғыртуға Еуропалық қайта құру және даму банкінен жалпы сомасы 60 млн. еуроға несие алынған.
Несиенің қайтарымын қамтамасыз ету үшін «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-і шетелдік ұйымға өз мүлкінің бір бөлігін кепілге қойған, сондай-ақ «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің 54% акциялары да кепілге берілген.
Сондай-ақ, Қ. Битасов «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-ның мұндай әрекеттері республика қауіпсіздігіне қатер төндіре отырып, Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңының нормаларына қайшы келетіндігін мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-бабына сәйкес, су шаруашылығы құрылыстары стратегиялық нысандар болып табылады, сондықтан стратегиялық нысандарды кепілге беру - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде ғана мүмкін болып табылады.
Су шаруашылығы құрылыстары ерекше стратегиялық нысандар болып табылады, алайда «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-і осындай нысандарды Үкіметтің шешімінсіз шетелдік ұйымға кепілге берген, бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздікке және Шымкент қаласының бір жарым миллион тұрғынының өміріне қауіп төндіреді. Мұндай нысандар мемлекеттік меншікте болуы керек және олар жеке күзет агенттіктерімен емес, полиция күштерімен қорғалуы тиіс.
Кәсіпорын жұмысындағы өрескел кемшіліктер туралы Шымкент қаласының су құбыры және кәріз жүйелері басқармасының басшысы Бағдат Байғұлов та айтып өтті: «ҚНжЕ (СНиП) талаптарына сәйкес, сумен жабдықтау жүйесінде реттеу, апаттық жағдайлар және өрт сөндіру үшін судың резервтік көлемі қарастырылуы тиіс. Алайда, іс жүзінде оларда бұл көлемдерді сақтап, қажетті орындарға бағыттай алатын жүйе жоқ. Бұл су қабылдағыштың өнімділігін 30-40%-ға төмендетуге әкелуі мүмкін. Компания сонымен қатар Grundfos жабдығында ас тұзын электролиздеу арқылы алынған хлор бар ерітіндіні пайдаланып, суды зарарсыздандырудың озық технологиясын енгізгендігін айтады. Алайда, бұл жабдық тек «Экстра» маркалы өңделген тұзбен ғана жұмыс істейді, бұл қарапайым тұзға қарағанда әлдеқайда қымбат.
Одан бөлек, компания өз есептерінде 100-ден астам заманауи техника бар екендігін айтып, нақтылауда, бірақ іс жүзінде жағдай басқаша. Кәсіпорынның теңгерімінде 120 сорғы қондырғысы тіркелген, олардың 60-ы ірі қондырғылар: 25 ЭЦВ сорғысы (1970 жылдардан шығарылады), D типті 20 сорғы (1960 жылдардан шығарылады) және Қытайда өндірілген 15 QJ-30 қондырғысы, олар әлемдік брендтерге жатпайды. Ағынды суларды тазартуға келетін болсақ, кешенді қайта құру жұмыстары 2016 жылы аяқталды, бірақ қуаттылығы жобадағы көрсетілген қуаттылық - 198 мың м³/тәулікке емес, тек 100 мың м³/тәулікке дейін ғана ұлғайтылған. Кейінірек қуаттылық тағы екі рет 50 мың м³/тәуліктен ұлғайтылды. Кеңейту туралы шешім жүйеге бөгде сулардың түсуіне байланысты қабылданған. Алайда кәсіпорында апаттық буферлік сыйымдылықтар жоқ, бұл Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарын бұзады.
Метантенктердегі энергия өндірісі де ЕҚДБ қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Жүйе қалалық газбен жабдықтау желісіне біріктірілген, бірақ бізде «жасыл» энергияға арнайы тариф жоқ және оның өндіріс көлемі әлі анықталмаған. Сонымен қатар, механикалық сусыздандыру қондырғысын енгізу де қарастырылған, бірақ ол да әлі қолданысқа енгізілмеген.
Түптеп келгенде, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің басшысы дамуға миллиардтаған инвестиция құйып жатқанын мақтан етіп отыр, бірақ оның бәрі ауадан шықпайды – мұның бәрі – қала тұрғындарының су мен кәрізге төлейтін ақшасы.
Ол сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыстан айрылып қаламыз деген алаңдаушылықтары негізсіз екенін атап өтті. Себебі, кәсіпорын мемлекет меншігіне өткен жағдайда да барлық қызметкерлер жұмыс істеуді және кәсіпорынға қызмет көрсетуді жалғастыра береді.
Залда А. Орманды қолдаған сөздер де аз болмады. Адамдар кәсіпорынның мемлекет меншігіне қайтарылуына қарсы пікірлерін білдірді.
«Желтоқсан ақиқат» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Оспанова жиналғандарға Орманның еңбектері туралы ойлауды қойып, одан да өздерінің балалары туралы ойлануға шақырды – ертең оларда ауыз суға еркін қол жеткізу мүмкіндігі болады ма, жоқ па, әсіресе А.Орманның кәсіпорынның көп бөлігін қазақстандық емес, еуропалық банкке кепілге қойғандығын ескертіп. «Мен сіздердің Орманға жақ болып отырғандарыңызды түсінемін, себебі – оның қызметкерісіздер. Бірақ өтініш, ойланыңыздар – ертең осы стратегиялық объектіні кім басқарады? Неліктен бүгін Орманға қолдау айтып жатқан сіздер өз балаларыңыз бен немерелеріңіз туралы, олардың болашағы туралы ойламайсыздар?!»
Талқылауды қорытындылай келе, Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жиналғандарға, оның ішінде петиция авторына заңды тұлғаларды мемлекет меншігіне қайтару мәселелері жергілікті атқарушы органның құзыретіне кірмейтіндігін тағы да еске салып өтті.
Петицияда «Біз «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-ін мемлекеттік меншікке беруге қарсымыз» деген талап көрсетілген.
НЕГІЗГІ УӘЖДЕР (петиция мәтінінің өзі):
Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілген:
- Суды тазарту кезінде Орта Азияда теңдесі жоқ заманауи озық технологиялар қолданылады;
- Сумен жабдықтау және ағынды суларды тазарту саласында үлкен тәжірибе жинақталған. Осы тәжірибені сақтау және жетілдіру мақсатында арнайы оқу орталығы құрылды, оның негізінде су шаруашылығы мамандарының келесі буыны қалыптасуда;
- Серіктестікті басқару мен оның қызметі қазіргі жағдайдағы нарықтық-экономикалық қатынастар қағидаттарына негізделген, басты басымдық - көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасына қол жеткізу болып табылады;
- «Ашықтық» қағидаты бойынша тұтынушылармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз кері байланыс орнатылды;
- Серіктестіктің кәсіби және тәжірибелі басшылығымен ұйымшыл және еңбекқор ұжым құрылды.
- Апаттық тәуекелдерді азайту мақсатында қазіргі заманғы сапалы құбырларды қолдана отырып, тозығы жеткен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін уақытылы ауыстыру жүргізілуде;
- Тұтынушыға су беру процесін қадағалайтын заманауи цифрлық автоматтандырылған жүйе енгізілді;
- Серіктестік ауыз суды үнемдеу бойынша мемлекеттік саясатты ұстанады және қолдайды.
- Сапалы сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету осы қызметтерге тарифтердің мөлшеріне тікелей байланысты, төлем неғұрлым аз болса, қызмет соғұрлым нашар болады;
- Жоғары сапалы қызмет көрсетуге, тауарларды ұсынуға бағытталған кез келген кәсіпорынның қызметі жеткілікті қаржылық тұрақтылықты талап етеді.
Жұмыс тобы петицияда көрсетілген уәждер мен талаптарды қарады және олар бойынша тиісті мемлекеттік органдармен дәлелдер келтірілді. Сондықтан, «ВРМ» ЖШС қайтару мәселесі жергілікті атқарушы органның құзыретіне кірмейтіндіктен, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Бұл - соттың құзыреті.
Соынмен бірге, өтініш берушіге жергілікті атқарушы органмен «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-ін мемлекеттік меншікке өткізу туралы ешқашан сұрақ қойылмағандығын, ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органмен қазіргі уақытта «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-нің меншігіндегі заңсыз жекешелендірілген су нысандарын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі көтерілгендігі туралы түсіндірілді.
Одан бөлек, 2024 жылғы 14 қазанда Шымкент қаласының әкімдігімен азамат Б. Көпбаевтың Шымкент қаласының сумен жабдықтау және кәріз басқармасының коммуналдық мүлкін заңсыз жекешелендірілген ретінде мемлекеттік меншікке қайтару туралы петициясы қаралды. Қарау нәтижелері бойынша өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылданды және тиісті талаптармен сотқа талап арызбен жүгіну мүмкіндігі туралы түсініктеме берілді.
Сонымен қатар, азамат Т. Бегімқұлдың петициясы мәні мен негізі бойынша азамат Б. Көпбаевтың петициясымен ұқсас болып табылады, айлайда талқылау барысында өтініш беруші қосымша дәлелдер келтірмеді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 70-бабының 1-тармағына сәйкес, өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсім, егер әкімшілік органның немесе әкімшілік іс бойынша лауазымды тұлғаның әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты сол мән бойынша және өтініште көрсетілген негіздерде шешімі болса, тоқтатылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 77-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға әкімшілік істі қарау нәтижелері бойынша әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешім шығарады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сондай-ақ бұрын азамат Б.Көпбаевтың өтініші бойынша шешім қабылданғанына байланысты - азамат Т.Бегімқұлдың өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Өтініш берушіге аталған нәтижемен сотқа жүгіну қажеттілігі туралы түсініктеме берілді, өйткені петицияның мәні әкімдіктің құзыретіне кірмейді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес, аталған жауаппен келіспеген жағдайда, өтініш беруші әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.