«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-ін мемлекет меншігіне қайтаруды талап етеміз» тақырыбында жарияланған петициясы бойынша жергілікті деңгейде жария талқылау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

1. Петицияның тіркеу нөмірі: № П-2024-00001680, 24.10.2024 жыл.
Мемлекеттік органның қарауына келіп түскен күні (epetition.kz арқылы) – 14.11.2024 жыл.

2. Петицияны қараған мемлекеттік органның атауы:
Шымкент қаласының әкімдігі (ЖАО)

3. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-5-бабына сәйкес 22.11.2024 жылы жергілікті атқарушы орган жанынан петицияда көрсетілген мәселелерді қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына заңнамаға сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, өтініш беруші және қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде Шымкент қаласының қоғамдық кеңесінің өкілдері кірді.
Жұмыс тобының отырыстарын өткізуді қамтитын жұмыс тобы отырыстарының іс-шаралар жоспары әзірленді.
Жұмыс тобының барлық қатысушыларына 13.12.1996 жылғы №1676 шешімімен қалалық су арнасын жекешелендіру туралы әкімнің шешімін, сондай-ақ әкім А. Орманов тиісті шешім қабылдауға сүйенген Үкімет қаулыларын қоса алғанда, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і кәсіпорнының қызметін тексеру нәтижелері көрсетілді
Өткізілген отырыстардың қорытындысы бойынша петицияда айтылған тезистерге және петиция авторының бастамасымен көтерілген басқа да сұрақтарға жауаптар берілді.

4. Петицияны жария талқылау нәтижелері бойынша ақпарат:
Петиция бойынша жария талқылау офлайн форматта – жалпы құрамында 19 адам бар жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының залында өтті (кворум қамтамасыз етілді). Жария талқылау БАҚ өкілдерінің, Шымкент қаласы тұрғындарының, сондай-ақ, басшысы А.Орман бастаған «Су ресурстары - маркетинг» ЖШС ұжымының қатысуымен өтті. Жалпы талқылауға 260-қа жуық адам қатысты.
Жария талқылау барысында сөз сөйлегендер:
1. Модератордың кіріспе сөзі (Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Дүйсебайұлы Балтабев) - модератор жария талқылау жиынын ашып, оның регламентімен және мақсатымен таныстырды;
2. Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек (петиция мәнінің қысқаша мазмұнын, петицияда көтерілген негізгі мәселелер мен проблемалардың сипаттамасын);
3. Петиция авторы - Б. Көпбаев;
4. «ВРМ» ЖШС-нің иесі - А. Орман;
5. Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер - Е. Яворский;
6. Дәлелді баяндамамен заңгер - Қ.Битасов;
7. Талқылауға келген қала тұрғындары;
8. А. Ормановты қала әкімі болып тұрғанда кезінде онымен бірге қызмет атқарған Шымкент қалалық мәслихатының экс-депутаттары, сондай-ақ журналист Әсет Әссанди мен «Байтақ» партиясының мүшесі Сергей Трофимов қолдап сөз сөйледі.
Петицияны талқылау қорытындысы бойынша жұмыс тобының барлық қатысушы мүшелері, сондай-ақ А. Орманды қолдауға келгендерді қоспағанда, тұрғындардың көпшілігі кәсіпорынды коммуналдық меншікке қайтару қажеттігі туралы ұстанымдарын білдірді.
Жергілікті атқарушы орган өкілімен өтініш берушіге сотқа жүгіну қажеттілігі туралы түсіндірме беріле отырып, өтінішті қанағаттандыру туралы алдын ала шешім жарияланды.

5. Комиссия/жұмыс тобы жұмысының нәтижелері туралы ақпарат:
Өтінішті қарау барысында жұмыс тобының 3 отырысы өткізіліп, онда өтініште көрсетілген уәждер талқыланды. Оның ішінде, жария талқылау өткізілетін күн, орын және уақыт - 10.12.2024 жыл, сағат 10.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты болып белгіленді.

6. Келіп түскен пікірлерді, сондай-ақ петиция мәні бойынша экономикалық, әлеуметтік, статистикалық және өзге де қажетті ақпаратты талдау нәтижелері бойынша ақпарат:
Сайттағы пікірлердің жалпы саны: 21 916 құрады.
https://epetition.kz/petition/2237203e-5321-47ad-bf6b-5dee43cf8f7f?commentPage=0
Пікірлерде пайдаланушылар тарапынан кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылсын деген ұсыныстар көптеп білдірілді.
Қоғамдық тыңдаулар аясында петиция тақырыбын қолдау үшін келесі дәлелдер айтылды:
- стратегиялық объектілер мемлекетке тиесілі болуы тиіс;
- су - бір адамның қолында емес, халыққа (мемлекетке) тиесілі ресурс;
- су сияқты стратегиялық маңызды объектінің жекенің қолында болуы мемлекетті бір адамның алдында осал етеді.
Петиция авторы Б. Көпбаев Анарбек Ормановты бірінші кезекте өзін байыту туралы алаңдайтын кәсіпкер деп санайды. Жоғары тарифтердің болуы, шалғай елді мекендерді дамытқысы келмейтіні, көгалдарды суару және автомобильдерді жуу үшін пайдаланылатын суды ысырап етуі осыдан дейді. Судың тазалығы мәселесі, бұл, Көпбаевтың пікірінше, А. Ормановтың еңбегі емес, ол табиғаттың байлығы. Ол сондай-ақ стратегиялық маңызды объектіні жекешелендірудің заңсыздығы туралы да айтып өтті.
Анарбек Орманов – осы уақытқа дейін оған ешкім шағымданбағаны жайлы айтты. Суды рационалды пайдалану мәселесі А.Ормановтың пікірінше, бұл оның еңбегі. Ол адамдардың суды аз жұмсай бастағандығы және үнемдеуді үйренгендігі жайлы да айтып өтті. Сондай-ақ жекешелендірудің заңсыздығы туралы сөздердің негізі жоқ екендігін және дәлел ретінде прокуратураның қорытындысын келтіргенін атап өтті.
Жекешелендірудің заңсыздығы туралы өтініштің пайдасына заңгер Қ.Битасов айтқан дәлелдер айтылады:
Біріншіден, А.Орманов ҚР Үкіметінің 13.05.1996 жылғы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін есеп айырысуды реттеу туралы» №587 қаулысына және ҚР «Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы» заңына, ҚР Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заңды күші бар Жарлығына, Оңтүстік Қазақстан облысының (бұрынғы атауы) Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің келісімін айта отырып, жекешелендірудің заңдылығын айтады.
Алайда, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін есеп айырысуды реттеу туралы» ҚР Үкіметінің 13.05.1996 жылғы №587 қаулысының 5-тармағына сәйкес ҚР Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетіне 1996 жылғы 1 шілдеге дейін коммуналдық саладағы табиғи монополист-кәсіпорындар құрамынан олардың негізгі қызметіне жатпайтын бөлімшелерді шығару және 1996 жылдың соңына дейін осы бөлімшелердің мемлекеттік меншігін жекешелендіруді жүзеге асыру туралы қаулысы қабылданған. Барлығына белгілі, су қабылдағыштар да, тазарту қондырғылары да, желілер де – мұның бәрі кәсіпорынның негізгі қызметіне қатысты. Яғни, қаулыға сәйкес, кәсіпорын құрамынан оған тән емес қызмет түрлері мен функциялар ретінде оның негізгі қызметіне жатпайтын бөлімшелерді шығарылу қажет болған, оларға балабақшалар, дүкендер, оқу комбинаттары, клубтар, мәдениет сарайлары, профилакториялар, асханалар және т.б.
Екіншіден - ҚР Үкіметінің 23.04.1996 ж. №499 «Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру мәселелері» қаулысымен жеке жоба бойынша жекешелендірілетін кәсіпорындардың тізбесі бекітілген: олар «Фосфор» АҚ, «Казниихимпроект» АҚ, «Шымкентшина» АҚ, «Гидролизник» АҚ, «Шымкентнефтеоргсинтез» АҚ, «Алаугаз» АҚ және «Химфарм» АҚ-ы. Көріп отырғаныңыздай, бұл тізімде «Су құбыры және кәріз басқармасы» МКК-і жоқ, себебі оның мүлкі жекешелендіруге жатпайды.
Үшіншіден - Алматыда өткен баспасөз мәслихатында А. Орман су арнасын жекешелендіру туралы шешім қабылдай алмайтындығын мәлімдеген болатын. Бұл шынымен де солай – «Жекешелендіру туралы» ҚРЗ 9-бабының 1-тармағына сәйкес бөлінген еншілес кәсіпорындардың мүлкін жекешелендіру (сату) туралы шешім қабылдау құқығы әкімге емес, ҚР Үкіметіне тиесілі. Ал сол кездегі барлық шешімдерде Шымкенттің әкімі А.Ормановтың қолы қойылған – ол кезде оның тегі осындай болатын.
Шымкент су құбыры және кәріз басқармасының басшысы Бағдат Байғұлов та кәсіпорын жұмысындағы кемшіліктер туралы айтып өтті. Жалпы, Б.Байғұловтың пікірінше, қазір А. Орман мен оның әріптестері мемлекеттік кәсіпорынды жағымсыз жағынан көрсету позициясын ұстанған. Бірақ оның себебі тереңіректе дейді ол:
- Неліктен тексерулер басталды, өйткені мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру әдістері зерттелді. А. Орманов мырзаның жіберген кемшіліктері мен проблемалары туралы айтқанда бізді ешқандай құжат ұсынбайсыздар деп үнемі айыптайды. Міне, мен құжаттарды әкелдім. Міне, олардың жұмыс кестесі. Міне, мен айтып отырған нәрсе – 2023 жылы 100% аяқталуы керек жұмыс 2024 жылдың мамыр айына дейін ұзартылды. Және бұл күрделі мәселе. Тағы бір жайт – А. Орман құбырлардың қызмет ету мерзімін 200 жылға дейін ұзартып, мемлекеттік кәсіпорынға несие рәсімдейді. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің басшысы дамуға миллиардтаған инвестиция құйып жатқанын мақтан етіп отыр, бірақ оның бәрі ауадан емес – мұның бәрі – қала тұрғындарының су мен кәріз үшін төлейтін ақшасы. Ал Орманның кәсіпорын мемлекетке қайтарылса, ЕҚДБ алдындағы міндеттемелер орындалмай қалады деген сияқты келтіріп отырғандары бос сөз. Олар кез келген жағдайда орындалады.

7. Қабылданған шешімнің түрі (толық қанағаттандыру, ішінара қанағаттандыру, қанағаттандырудан бас тарту туралы): Петиция қанағаттандырылады – ондағы көрсетілген дәлелдермен келісілді.
8. Өтініш бойынша дәлелді шешім:
Өтініште «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС кәсіпорнын коммуналдық меншікке қайтарудың негізгі талабы көрсетілген.
НЕГІЗГІ АРГУМЕНТТЕР:
1. Басқа мегаполистермен салыстырғанда Шымкентте ең жоғары тариф:
Сумен қамтамасыз ету бойынша орташа тариф (1 м³ үшін):

* Шымкент қ. – 140,08 теңге
* Алматы қ. – 77,54 теңге
* Астана қ. – 97,77 теңге

Кәріз үшін:

* Шымкент қ. – 121,76 теңге
* Алматы қ. – 42,75 теңге
* Астана қ. – 95,92 теңге

2. Стратегиялық маңызды нысанды жекешелендіру заңсыз жүзеге асырылды, нәтижесінде біртұтас нысан бөлінді. Бұл заңға қайшы әрекет. Бірақ СРМ иесі бұл туралы біле тұра, әкім кезінде шешімге қол қойды, кейін кәсіпорынның иесіне айналды.
3. Қазіргі уақытта анықталғандай, Ақбай-Қарасу су қоймасы аумағында келесі бизнес нысандары орналасқан:
* күн батареялары (негізінде «СРМ» ЖШС-не тиесілі емес);
* қонақ үй кешені, жабық бассейн және салтанат залы. Сонымен қатар екі қабатты тұрғын үй мен мал қора.

4. Су тарифіне қажетсіз нысандардың құрылысы қосылған:
* темір-бетон бұйымдарын өндіру цехы;
* Боржар жинағышынан электр станциясына дейінгі құбыр.

​Жұмыс тобы өтініште көрсетілген уәждер мен талаптарды қарап шықты және олар бойынша тиісті мемлекеттік органдармен дәлелдер келтірілді. Осы себепті, арыз берушіге нәтиже бойынша сотқа шағымдану қажеттілігі туралы түсіндірме бере отырып, арызды ондағы келтірілген дәлелдерге қатысты бөлігінде қанағаттандыру туралы шешім қабылданды, өйткені өтініштің мәні әкімдіктің құзыретіне жатпайды.

9. Шешімге шағымдану құқығын түсіндіру:
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 91-бабына сәйкес, аталған жауаппен келіспеген жағдайда, өтініш беруші әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

каз
Дата публикации
11 декабря 2024