Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына және Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және Қаратау ауданы әкімдігінің қызметтік хаттары, қала құрылыстық қорытындылары, жерге орналастыру жобалары және Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шымкент қаласы, Абай ауданы, Төлеметов көшесінің бойы, Ақжайық шағын ауданы және Бәйдібек би даңғылының бойында қала үшін маңызды магистральды инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің (ауыз су, кәріз, табиғи газ құбырларының және электр, байланыс желілерінің) құрылыс жұмыстары үшін осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын алабында абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ынтымақ шағын ауданы, Самал-3 шағын ауданы, Бозарық саяжайы және Әл-Фараби ауданы, 275 және
276 орамдарында орналасқан жер учаскелері жолдың жүріс бөлігіне түсуіне байланысты осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Абай ауданы, Асар-2 шағын ауданы, Алматы-Ташкент (А-2) жолы бойында қала үшін маңызды магистральды инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің (ауыз су құбыры, жоғары қысымды газ құбыры, жоғары кернеулі электр желісі) құрылысы үшін осы қаулының 4-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт, Нұрсәт 2, Нұртас, Ұлағат және Мирас шағын аудандарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында №28 кәріз сорғы стансасының (кнс) құрылыс жұмыстары үшін осы қаулының
5-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Асар 2, Ұлағат, Қайнарбұлақ және Тұран шағын аудандарын сапалы инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен (ауыз су, кәріз, табиғи газ, жоғары кернеулі электр желісі, байланыс желісі) қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары үшін осы қаулының 6-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнама талаптарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелерінің орнына басқа жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастырып және осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш айдан ерте болмай бір жыл алты ай деп белгіленсін.
- Жер учаскелердің иелері немесе мемлекеттік емес және мемлекеттік жер пайдаланушылармен келісім рәсімдерін жүзеге асыруға жүгінетін орын ретінде Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Жұмабай Шаяхметов көшесі,
№39 ғимаратта орналасқан «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
- «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Жүнісбеков жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының және жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын өтелуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
- «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Жүнісбековке жүктелсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков