«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2024 жылдың 3-тоқсан қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы

2024 жылдың 3-тоқсан қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы:10 712 667, жеке тұлғаларға: 10 689 282 және заңды тұлғаларға: 23 385 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 167 312 (үлесі 1,6%), жеке тұлғаларға: 148 880 және заңды тұлғаларға: 18 432 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 82 868, жеке тұлғаларға: 82 071 және заңды тұлғаларға:  797 қызмет;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 84 444, жеке тұлғаларға: 66 809 және заңды тұлғаларға: 17 635 қызмет;

Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 10 545 355 (үлесі 98,4%), жеке тұлғаларға: 10 540 402 және заңды тұлғаларға:                                     4 953 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 9 565 633, жеке тұлғаларға: 9 560 680 және заңды тұлғаларға: 4 953 қызмет;
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 979 722 (жеке тұлға).

2024 жылдың 3-тоқсан қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 9 630 бірлік.

2024 жылдың 3-тоқсан қорытындысы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына 7 шағым келіп түсті.

2024 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша 39 нысан жоспарланған. Жоспарға сәйкес, 34 нысан бойынша бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 15 164 бұзушылықтар анықталды.

2024 жылдың 3-тоқсан қорытындысы бойынша кемшіліктерге жол берген жалпы 33 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 30, орындалғаны – 30.

Ішкі байқау шеңберінде анықталған мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бұзушылықтарының жалпы саны –  4 368.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халықтың арасында 293 түсіндірме іс-шарасы жүргізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 22 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Шымкент қаласының әкімдігі

каз
Дата публикации
10 октября 2024