Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік референдум комиссияларының ұсынуы бойынша, Шымкент қаласы Қаратау аудандық аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

Р/б

№

Референдум учаскесінің

№

Учаскенің орналасқан жері

1.      

№230

Қалалық перинаталдық орталық, «Нұрсат» шағын ауданы, №188

2.      

№328

№ 3 қалалық аурухана, «Сайрам» т.а., Ә.Темір көш, №152А

3.      

№329

«Атамекен» медициналық орталығы ЖШС, «Нұртас» т.а., Құлагер көш, №194

4.      

№330

Облыстық балалар ауруханасы, «Нұрсат» ш.а., №125/1

 

  1. Бұл референдум учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
  2. Осы шешім Қаратау аудандық аумақтық референдум комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
  3. Осы шешімнің көшірмесі Шымкент қалалық аумақтық референдум комиссиясына жіберілсін.

Комиссияның төрағасы                                                  Б. Алимбетов               

Комиссияның хатшысы                                                  Б. Дулатбекова

каз
Дата публикации
29 сентября 2024