«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күнін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 53 бұйрығының 9 тармағына сәйкес, бақылау-қадағалау органдардың бизнес-қауымдастық алдында «Бірыңғай есеп беру күнін» ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні сағат 11-00 де өткізу жоспарлануда.
Осыған орай, Сізден жоғарыда аталған «бірыңғай есеп күні» өткізу бойынша хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдары, қала әкімдігінің ресми сайты, әлеуметтік желілеріне жариялауды және іс-шараға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.
Ескертпе: өтетін орны Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залы, 2-қабат.
Қосымша: 2 парақ.
Басқарма басшысының
орынбасары У. Исаев