«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-1, 4, 5-тармақтарына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Шымкент қаласында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы» 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 978 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 81 болып тіркелген);
2) «Шымкент қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» 2020 жылғы 27 қазандағы № 650 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 137 болып тіркелген);
3) «Шымкент қаласында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы» 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 978 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 1580 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29148 болып тіркелген).
1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жариялағанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Шымкент қаласының әкімі |
|
Ғ.Сыздықбеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы
_________________ Б. Нарымбетов
«______» ______________2024 жыл