2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТIК БАҒДАРЛАМА

Бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы: 007 «Ведомствалық бағыныстағы  мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының  күрделі шығыстары».

Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: Әкім аппаратының басшысы – Сейтенов Е.

Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» №179 бұйрығы.  Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы №236 «Шымкент қаласы әкімі аппартының «Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысы. «2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы маслихатының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы №11/93-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі №19/161-VIII шешімі. «2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласы бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы  19 желтоқсандағы №2846 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы  12 шілдедегі №3651 қаулысы.

Бюджеттiк бағдарламаның түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: республикалық маңызы бар қаланың

мазмұнына байланысты : мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету

іске асыру түріне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама

ағымдағы/даму- ағымдағы

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасы» КММ-нің  материалдық-техникалық базаларын жабдықтау және кеңейту.

Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасы» КММ-нің  материалдық-техникалық базасын 100% қамтамасыз ету.

Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасы» КММ-нің  материалдық-техникалық базаларын жақсарту мақсатында негізгі құралдарды сатып алу.

каз
Дата публикации
23 июля 2024