«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2024 жылдың 2-тоқсан қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы

2024 жылдың 2-тоқсан қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 7 094 013, жеке тұлғаларға: 7 076 523 және заңды тұлғаларға: 17 490 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 92 559 (үлесі 1,3%), жеке тұлғаларға: 77 988 және заңды тұлғаларға: 14 571 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 18 663, жеке тұлғаларға: 18 171 және заңды тұлғаларға:  492 қызмет;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 73 896, жеке тұлғаларға: 59 817 және заңды тұлғаларға: 14 079 қызмет;

Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 7 001 454 (үлесі 98,7%), жеке тұлғаларға: 6 998 535 және заңды тұлғаларға: 2 919 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 6 346 112, жеке тұлғаларға: 6 343 193 және заңды тұлғаларға: 2 919 қызмет;
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 655 342 (жеке тұлға).

2024 жылдың 2-тоқсан қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 6 227 бірлік.

2024 жылдың 2-тоқсан қорытындысы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына 7 шағым келіп түсті.

2024 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша 37 нысан жоспарланған. Жоспарға сәйкес, 22 нысан бойынша бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 13 343 бұзушылықтар анықталды.

2024 жылдың 2-тоқсан қорытындысы бойынша кемшіліктерге жол берген жалпы 22 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 22, орындалғаны – 22.

Ішкі байқау шеңберінде анықталған мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бұзушылықтарының жалпы саны –  337

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халықтың арасында 232 түсіндірме іс-шарасы жүргізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 22 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.

 

каз
Дата публикации
10 июля 2024