МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туристік сала үшін мемлекеттік қолдаушаралары қолданылады.

  1. Туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезіндегі шығындардыөтеу 10% мөлшерінде.

Өтем ақы туробъектіні пайдалануға беру актісінен кейін төленетін болады.

Өтемақы алу үшін кәсіпкер ЖАО-ға құжаттармен бірге өтінім береді.

Өз кезегінде ЖАО оларды салыстырып тексереді және барлық талаптарға сай болған жағдайда кәсіпкерге өтемақы сомасын аударады.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100026403?fbclid=IwAR0UdQiBIh_TMk9c50dM3Sw9AnHsNqyS8fAelQG2b3wFB4018JKLcjaYshU

  1. Жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде өтемақы мөлшері 10% құрайды.

Өтеу мөлшері ЖСҚ сараптамасының қорытындысында көрсетілген ЖБСО салу құнының 10% -. құрайды.

Жол бойындағы сервис объектілері (бұдан әрі – ЖБСО) – жол бойындағы белдеуде орналасқан және жол жүрісіне қатысушыларға қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстар (мотельдер, қонақүйлер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, авто жанармай құю станциялары, тамақтану, сауда, байланыс, медициналық көмек пункттері, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері және өзге де қызмет көрсету объектілері)

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100026375?fbclid=IwAR2I24Vu_l4t0iiEx3jtkoP_RXAdq8Bcvjq20Ct4as1HCdEF6ycZwIFqX_w

  1. Туристік автобустарды сатып алу бойынша өтемақы

Жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдары құнының 25% - ы туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне (туристік операторлар, туристік агенттер, гидтер, экскурсоводтар) өтелетін болады.

Өтінімдерді әкімдіктер қабылдайды.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100026380?fbclid=IwAR0cVHqp2ujtSeHXX10n2w0Z0phNnacdQkEDqk_xUrbTN9WKitx43xCnHtM

  1. Кәсіпкерлік субъектілерін санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға субсидиялау (бұдан әрі – СГТ).

83 300 тг мөлшерінде субсидиялау ай сайын туристер үшін тартымды аумақтарда және (немесе) автомобиль жолдары бойында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан немесе санитариялық және гигиеналық рәсімдерге арналған жол бойындағы сервис объектісіне кіретін абаттандырылған жеке тұрған стационарлық немесе жылжымалы ғимарат (жекелеген аумақтары бар абаттандырылған дәретхана) болып табылатын СГТ-ға қолданылады. Дәретханалармен, раковиналармен, желдету жүйелерімен жабдықталған мүгедектігі бар адамдарға арналған ерлер мен әйелдерге арналған кабиналар, және жеке гигиена құралдарымен).

Өтінімдерді әкімдіктер қабылдайды.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025801

каз
Дата публикации
01 июля 2024